Қызылорда қаласында жаңа форматта ХҚКО (ЦОН) ашылды. Бұл орталық тұрғындарға баспана алу, тұрғын үй кезегін білу, коммуналдық қызметтер және жер алу мәселелерін бір орталықта шешуге мүмкіндік береді.
Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай салынған. Кең бөлмелер, ыңғайлы бағыттау жүйесі, заманауи дизайн және цифрлық технологиялардың енгізілуі қызмет алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Барлық жағдай келушілердің уақытын үнемдеп, қызметті барынша жайлы алу үшін ұйымдастырылған.
«Жаңадан ашылған Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы – бұл халыққа қызмет көрсету жүйесінің жаңа стандарты. Олар азаматтардың ең бағалы ресурсы – уақытын үнемдеуге көмектесіп, қызметтерді қолжетімді, ашық және сапалы түрде ұсынады. Бұл – азаматтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, ХҚКО (ЦОН) Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 2Е мекенжайында орналасқан. Бұл осындай форматтағы Қазақстандағы екінші орталық. Алғашқысы Қарағанды қаласында ашылып, өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Жаңа орталықтың ашылуы тұрғындарға қызмет алу процесін жеңілдетіп, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.