АҚШ- тың CNBC арнасы хабарлағандай, Қытайлық DeepSeek жасанды интеллект жүйесі, қаңтар айында Кремний алқабында үлкен дүрбелең туғызды. Бұл жүйе ChatGPT-ге ұқсас болғанымен, DeepSeek өз бәсекелестерін жүктелу саны бойынша артта қалдырған.
CNBC мәліметінше, DeepSeek тіл модельдері қытайлық жүйелердің бағасы арзан әрі чиптері әлсіз болғанына қарамастан, АҚШ-тың ең үздік баламаларын артта қалдырмақ.
Жүйе тек екі айда жасалған және оған 6 миллион доллардан аз қаражат жұмсалған. АҚШ- ның бұрынғы президенті Джо Байденнің шешімімен экспортқа тыйым салғанына байланысты Қытайлықтар жаңа чиптерге қол жеткізе алмаған. Бірақ осының бәріне қарамастан, қытайлықтар «үлкен технологиялық компаниялардың жасанды интеллект модельдерін және деректер орталықтарын құруға жұмсалған қыруар қаржысына күмән келтіріп отыр».
Қытайлық DeepSeek жүйесі бірнеше тестілерде, оның ішінде алгебралық есептер мен бағдарламалауда, OpenAI компаниясының GPT-4 моделін де басып озды. Microsoft компаниясының бұрыңғы бас директоры Сатья Наделла Давос экономикалық форумында қытайлық жүйені «өте тиімді» деп бағалап, «Қытайдағы оқиғаларды байыппен бағалау қажет» деген болатын