Home Технологиялар Инновациялар Қытай жаңа қару түрін сынақтан өткізді

Қытай жаңа қару түрін сынақтан өткізді

10

Қытай ғалымдары уран қолданбастан алапат қуат тудыратын жаңа құрылғы жасап, оны сынақтан өткізді. Бұл – кәдімгі жарылыс емес. Жаңа технология негізінде магний гидриді пайдаланылып, ауада өте жоғары температурадағы жалын ұзақ уақыт сақталады. Қарапайым тротил жарылысымен салыстырғанда, бұл құрылғының от шары 15 есе ұзақ жанып тұрады, ал жалынның температурасы 1000 градустан асып жығылады.

Ғалымдар мұны “алып газ оттыққа” теңейді. Яғни құрылғы соққы толқынымен емес, ұзаққа созылатын ыстық жалын арқылы зақым келтіреді. Салдарынан алюминий мен басқа да жеңіл қорытпалар еріп, кең аумақтарда үлкен жылу залалы тіркелуі мүмкін. Бірақ басты ерекшелігі – радиоактивті ластану жоқ.

Мамандардың айтуынша, бұл технология әскери тактиканы түбегейлі өзгертуі мүмкін. Урансыз, бірақ аса қауіпті мұндай қару түрі Қытайдың әскери саладағы қарқынды жетістіктерін айқындап отыр. Сарапшылар бұл жаңалық болашақ соғыстардың табиғатын өзгертетін жаңа дәуірге жол ашуы ықтимал екенін айтады.