Home Технологиялар Ғарыш Қытай ғарыш станциясында жасанды фотосинтез арқылы зымыран отыны мен оттегі өндірілді

Қытай ғарыш станциясында жасанды фотосинтез арқылы зымыран отыны мен оттегі өндірілді

78

«Шэньчжоу-19» миссиясының қатысушылары «Тяньгун» ғарыш станциясында жасанды фотосинтез технологиясын сынақтан өткізді. Олар көмірқышқыл газын және суды оттегі мен этиленге, яғни зымыран қозғалтқыштары үшін отын және оттегі көздеріне айналдыру мүмкіндігін іске асырды. Сонымен қатар, бұл технология ғарыш кемелерінде ұзақ мерзімді ұшулар үшін немесе жаңа ғаламшарларда тыныс алуға қолайлы атмосфера жасау үшін қолданылуы мүмкін.

Технология жердегі өсімдіктердегі фотосинтез процесін негізге ала отырып жасалған, алайда бұл әдіс физика мен химияның жаңа жетістіктеріне сүйенеді. Жаңа типтегі жартылай өткізгіш катализаторлардың көмегімен іске асырылады. Бұл тәсіл бөлме температурасында және қалыпты қысымда жұмыс істейді, сондай-ақ энергия шығыны электролиз әдісіне қарағанда айтарлықтай төмен. Техникалық мәліметтер әзірге жарияланбаса да, Қытай бұл тәжірибені өте жоғары деп бағалауда.

Бұл технология болашақта Айға қоныс аудару үшін өте маңызды. Әсіресе, мұз қорлары бар полярлық аймақтарда базалар құруда ерекше рөл атқарады. Колонизаторлар өмір сүру барысында көмірқышқыл газын шығарса да, оны оттегіге айналдыру арқылы атмосфераны Жерден газ жеткізбей-ақ сақтауға болады. Ал технологияны әрі қарай жетілдіру арқылы отынды жергілікті жерде шексіз өндіруге мүмкіндік туып, бұл Айдағы объектілерді іске қосу мен ғарыштық ұшулар үшін қажетті отын қорын қамтамасыз етеді