Home Электроника Ақылды құрылғылар YouTube жасанды интеллектіге негізделген дубляж құралын ұсынды

YouTube жасанды интеллектіге негізделген дубляж құралын ұсынды

22

YouTube жаңа құралын іске қосты. Ол арқылы бейнематериалда қолданылған тілді автоматты түрде анықтап, оны басқа тілдерге аударуға болады.Жаңа функция әзірше шектеулі тақырыптардағы контенттерге арналған. Мысалы, тамақ әзірлеуді үйрететін бейнематериалдар немесе туристік бағыттағы видеоларға қолданылады. Алдағы уақытта YouTube бұл мүмкіндікті басқа да тақырыптарға таратуды жоспарлап отыр.

Құралды пайдалану өте оңай: видеоны жүктегеннен кейін, жүйе ондағы тілді анықтап, таңдалған тілдерге аударылған аудиожазбаларды автоматты түрде ұсынады. Егер видео тізімде жоқ тілде жазылса, ағылшын тілінде дубляж жасалады.

Мұндай технология авторларға өз аудиториясын кеңейтуге, ал көрермендерге жаңа тілдердегі контентті оңай түсінуге мүмкіндік береді.