Home Аналитика Ғылым қалай ЖИ-ні дамытуға көмектеседі?

Ғылым қалай ЖИ-ні дамытуға көмектеседі?

63

Жаңа алгоритм ЖИ-дің энергия тұтынуын 95%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептеу кезінде ондық бөлшекті көбейту орнына бүтін санды қосу әдісін қолданады.

BitEnergy AI компаниясының инженерлер командасы ЖИ негізіндегі қосымшалардың энергия тұтынуын 95%-ға азайту әдісін ұсынды. Олар өздерінің технологиясын  сипаттап, arXiv басылымдарында мақалажариялады.

ЖИ қосымшаларының танымалдылығы артқан сайын, олардың энергия тұтынуы да өсті. Мысалы, ChatGPT сияқты үлкен тілдік модельдер жоғары есептеу қуатын талап етеді, бұл көп электроэнергияны қажет етеді. Қазіргі таңда ChatGPT тәулігіне шамамен 564 МВтч энергия жұмсайды, бұл 18 000 америкалық үйдің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Ғылыми зерттеулердің дамуы мен ЖИ қосымшаларының танымалдылығының артуы нәтижесінде,сыншылардың болжамы бойынша, алдағы бірнеше жылда олардың жылдық энергия тұтынуы шамамен 100 ТВтч-қа жетуі мүмкін.

BitEnergy AI ұжымы жаңа әдіс арқылы ЖИ қосымшаларына қажетті есептеу көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік тапқандарын айтады. Айиалық, бұл өнімділікке әсер етпейді.

Жаңа техника өте қарапайым: күрделі ондық бөлшекті көбейтудің орнына, ол бүтін санды қосуды қолданады. Ондық бөлшектерді көбейту үлкен немесе кіші сандармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ бұл әдіс ең көп энергияны қажет етеді.

Зерттеушілердің айтуынша, тексеру нәтижелері жаңа тәсілдің энергия тұтыну деңгейін 95%-ға төмендететінін көрсетті.

Бірақ бұл әдістің бір кемшілігі —қазіргі кездегі жабдықтан өзгеше құрылғыны қажет етеді. Дегенмен, зерттеу тобы жаңа жабдықтың дайындалып, сынақтан өткенін атап өтті. Алайда, мұндай жабдықты лицензиялау қалай жүзеге асатыны әзірге анық емес — ЖИ жабдықтары нарығында Nvidia графикалық процессорларының өндірушісі басым. Олардың бұл жаңа технологияға қалай жауап беретіні, егер компанияның мәлімдемелері расталса, енгізу жылдамдығына елеулі әсер етуі мүмкін