Home Кәсіби маман Yandex Qazaqstan тегін бағдарламалау курстары мен STEM саласындағы қыздарға қолдау көрсеткені туралы...

Yandex Qazaqstan тегін бағдарламалау курстары мен STEM саласындағы қыздарға қолдау көрсеткені туралы ESG есебін жариялады

12

Yandex Qazaqstan тұрақты даму саласындағы жаңа есебін жариялады. Есепте әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге арналған жобалар көрсетілген. Олар IT-мамандарды даярлаудан бастап тең және қолжетімді цифрлық ортаны қалыптастыруға, қала инфрақұрылымын жетілдіру мен бизнесті қолдауға дейінгі бағыттарды қамтиды.

Компанияның басым бағытының бірі – IT-білімін дамыту. 2017 жылдан бері Yandex бағдарламалау мектебі 14-тен 17 жасқа дейінгі 390-дан астам оқушыны дайындады. Тегін курстар Қазақстанның алты қаласында ұйымдастырылып, тәжірибелі әзірлеушілер мен педагогтар сабақ береді. 2025 жылы 2,3 мың мектеп қызы халықаралық Technovation Girls бағдарламасына қатысты. Бұл бағдарлама STEM бағытындағы ғылым, технология, инженерия және математика салаларына қыздарды тартуға бағытталған.

Yandex Qazaqstan қалалық инфрақұрылымға арналған цифрлық шешімдерді де дамытады. Қостанай мен Қарағанды жүргізушілері Яндекс Карталар арқылы бағдаршам сигналдарын көріп, қауіпті жол учаскелері туралы дауыстық ескерту алады. Астана, Қостанай және Ақтөбеде Яндекс Go қосымшасы арқылы жедел жәрдем қозғалысын бақылауға болады, бұл шақыртуға қатысты диспетчерге қоңыраулар санын азайтады.

Цифрлық қолжетімділікті арттыру аясында компания Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жобаларды іске асырады. Солардың бірі – «Инватакси». 2024 жылы қолданушылар 217 мың сапар жасаған болса, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 231 мыңға жетті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 408 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар Yandex Qazaqstan цифрлық қолжетімділікті арттыратын өз шешімдерін дамытуды жалғастыруда. Ақылды камера заттар мен мәтінді танып, көрмейтін пайдаланушыларға кеңістікте бағдар табуға көмектеседі. Яндекс Разговор қосымшасы арқылы естімейтіндер мен еститіндер екі жақты аударма арқылы байланыса алады. Яндекс Карталарда 2 429 елді мекендегі 79,1 мың ұйымның қолжетімділік деректері көрсетілген.

Компания қазақ тілінің цифрлық таралуын және мәдениетті қолдайды. Басты қызметтер қазір толық қазақ тілінде қолжетімді және іздеу сұрауларының шамамен 27%-ы қазақ тілінде жасалады.

Виртуалды ассистент Алиса да қазақ тілін түсінеді және сөйлейді. 2025 жылдың маусымына қарай қазақ тіліндегі сұраулардың саны өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға артты.

Шығармашылық индустриясын дамыту бойынша ISKRA Qazaqstan жобасы және қазақ тіліндегі «Менің толқыным» персоналды ұсыныстар лентасы іске қосылды. Олар жергілікті орындаушыларға өз аудиториясын табуға көмектеседі. Кинопоискте қолданушыларға 200-ден астам қазақстандық фильм мен сериал, ал Яндекс Кітаптарда 2 мыңнан астам қазақстандық баспалардың шығармалары қолжетімді.

Шағын және орта бизнеске Yandex Ads құралдары, Яндекс Карталар мен Яндекс Go сервисінің мүмкіндіктері ұсынылады, бұл бизнесті ілгерілету мен логистиканы жеңілдетеді. Сондай-ақ Yandex Cloud бұлттық платформасы қолжетімді.

Yandex SpeechKit дауысты тану және синтездеу қызметі, Yandex SpeechSense сөйлеу аналитикасы колл-орталықтардың жұмысын автоматтандыруға көмектеседі. Биыл синтез кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуге қабілетті екі жаңа дауысқа толықты.

Кәсіпкерлікті және инновацияны қолдау мақсатында Yandex Qazaqstan 2024 жылдың соңында стартаптар үшін бағдарлама іске қосты. Қатысушылар Yandex Cloud, Яндекс Карталар API және басқа құралдарға жеңілдікті қолжетімділікті алады.

Yandex Qazaqstan-ның тұрақты даму саласындағы толық есебі мына сілтемелерде қолжетімді: қазақ тілінде және орыс тілінде.