Xiaomi компаниясы REDMI A7 Pro моделін ресми түрде таныстырды. Бұл — REDMI A желісіндегі алғашқы Pro-нұсқа. Құрылғы күнделікті пайдалануға бейімделген, кең аудиторияға арналған және қолжетімді сегменттегі техникалық мүмкіндіктер аясын кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан нарығына ұсынылған REDMI A7 Pro бюджет санатына жатқанына қарамастан, бірқатар жаңартылған сипаттамаларымен ерекшеленеді. Смартфон 6,9 дюймдік экранмен жабдықталған, оның жаңарту жиілігі 120 Гц-ке дейін жетеді. Экран жарықтығы 800 нитке дейін артып, күн сәулесінде де ақпаратты анық қабылдауға жағдай жасайды. Қуат көзі ретінде 6000 мАсағ аккумулятор қолданылған, бұл құрылғыны екі тәуліктен астам уақыт бойы қосымша қуаттаусыз пайдалануға мүмкіндік береді.
Модель Xiaomi HyperOS 3 операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейді. Аталған жүйе жасанды интеллектке сүйенген бірқатар қызметтерді біріктіреді. Олардың қатарында Google Gemini мен Circle to Search құралдары бар. Құрылғының өнімділігі сегіз ядролы процессормен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге UFS 2.2 стандартына сай жады жүйесі қолданылып, жедел жад көлемін 8 ГБ-қа дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.
Камера мүмкіндіктері де жетілдірілген. REDMI A7 Pro жасанды интеллектіге негізделген қос камера жүйесімен жабдықталған. Негізгі камераның ажыратымдылығы 13 мегапиксельді құрайды. Үлкейтілген сенсор жарықты көбірек қабылдап, түсірілген суреттердің анықтығы мен жарықтылығын арттырады. HDR+ технологиясы әртүрлі жарық жағдайында кадрдың табиғи реңкін сақтап, сапалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Смартфон Қазақстанда қара, көк, жасыл және қызғылт сары түстерде ұсынылады. Құрылғы 4 ГБ жедел жад пен 64 ГБ және 128 ГБ ішкі жад нұсқаларымен қолжетімді.
REDMI A7 Pro моделінің ұсынылған бағасы 64 990 және 69 990 теңгені құрайды. Сонымен қатар 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін арнайы ұсыныс аясында 64 ГБ нұсқасын 54 990 теңгеге, ал 128 ГБ нұсқасын 59 990 теңгеге сатып алуға болады.

Сарапшылар құрылғыларды тек ресми және сертификатталған сауда орындарынан алуға кеңес береді. Xiaomi өнімдерін mi.com ресми сайтынан, Kaspi.kz платформасындағы ресми дүкеннен, сондай-ақ уәкілетті сауда нүктелері мен фирмалық дүкендерден сатып алуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, смартфондар компанияның ресми серіктестері арқылы да ұсынылады.
Жалпы алғанда, REDMI A7 Pro моделі қолжетімді баға мен кеңейтілген техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра отырып, жасанды интеллект негізіндегі қызметтерді кең ауқымдағы пайдаланушыларға жақындату үрдісін айқын аңғартады.












