Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

20

Ақпаратпен жедел жұмыс істеу және кез келген жерде кәсіби міндеттерін атқара алу – қазіргі мамандар үшін маңызды талаптардың біріне айналды. Сондықтан жұмыс орнын кеңсемен шектемей, ноутбукпен бірге еркін қозғалып жұмыс істейтіндерге құрылғының ықшамдығы, өнімділігі мен автономдығы қатар қажет.Осы талаптардың бірнешеуін ASUS ExpertBook P5 G2 қатар қамтиды. ASUS компаниясының бұл моделі ықшам корпусына қарамастан, өнімділігі, автономдығы және кәсіби жұмысқа арналған мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

ASUS ExpertBook P5 G2 – жоғары өнімділікке ие заманауи портативті ноутбук. Құрылғы кәсіби міндеттерді әртүрлі жерде орындауға бейімделген. Сондықтан пайдаланушы жұмысын кеңсемен шектемей, өзіне қолайлы кез келген жерде жалғастыра алады. Ноутбуктың мүмкіндіктері жасанды интеллект технологияларымен толықтырылған.

ASUS ExpertBook – бизнес пен корпоративтік ортаға арналған ноутбуктер топтамасы. Бұл желідегі құрылғылар сенімділігі, ақпаратты қорғау жүйесі және ұзақ уақыт бойы қуаттаусыз жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Серия бизнес саласында қызмет ететіндерге, корпоративтік пайдаланушыларға, ақпараттық технологиялар мамандарына және жұмыс орнын үнемі ауыстырып отыратын кәсіби мамандарға арналған.

ASUS ExpertBook P5 G2 моделінің дизайнына тоқталйық.

ASUS ExpertBook P5 G2 күміс-сұр түсті жұқа корпусымен ерекшеленеді. Жинақы пішіні мен ықшам құрылымы ноутбукке ұстамды әрі іскерлік сипат береді. Корпус қолға ұстағанда тайғанамайды, бетінде саусақ іздері де көп байқалмайды. Сондықтан ноутбук күнделікті қолданғанда да ұқыпты көрінісін сақтайды.

Өлшемі 312 × 227 × 18 мм. Шағын көлемі оны арнайы қапқа, рюкзакқа немесе орташа өлшемді сөмкеге салып алып жүруге ыңғайлы етеді. Салмағы 1,36 кг болғандықтан, құрылғыны күнделікті өзіңізбен бірге алып жүру де қиындық тудырмайды.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

ASUS ExpertBook P5 G2 жол үстінде және әртүрлі жұмыс орнында пайдалануға арналғандықтан, корпусы беріктігі жоғары алюминий қорытпасынан жасалған. Құрылғы америкалық әскери-өнеркәсіптік MIL-STD 810H стандартының қатаң талаптарына сәйкес келеді.

Ноутбуктың корпусы көлік, пойыз немесе ұшақпен тасымалдау кезінде болатын қысым мен дірілге төтеп бере алады, сондай-ақ ылғал мен шаңның әсеріне төзімді. Дегенмен бұл төзімділік құрылғыны нөсер жаңбыр астында немесе құмды дауыл кезінде пайдалануға болады дегенді білдірмейді.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Қосымша құрылғыларды жалғау мүмкіндіктері

ASUS ExpertBook P5 G2 бизнеске арналған ноутбуктер қатарына жататындықтан, оған сыртқы құрылғыларды қосуға қажетті бірнеше интерфейс ұяшығы қарастырылған. Бұл әсіресе презентация, іскерлік кездесу және басқа да жұмыс шаралары кезінде қосымша құрылғыларды пайдалануды жеңілдетеді.

Ноутбуктың оң жақ қапталында мына ұяшықтар орналасқан:

USB 3.2 Gen1 Type-A.

Kensington Nano құлпына арналған ұяшық. Ол ультражұқа ноутбуктың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Желілік кабельді қосуға арналған ұяшық.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Ноутбуктың сол жақ қапталында мына ұяшықтар орналасқан:

USB 3.2 Gen 2 Type-C ұяшығы. DisplayPort және Power Delivery технологияларымен жұмыс істейді.

HDMI 2.1 ұяшығы

Қуаттандыру функциясы бар USB 3.2 Gen1 Type-A порты.

USB4 / Power Delivery технологияларына арналған ұяшық.

Құлаққап пен микрофонды қатар жалғауға арналған ұяшық.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

USB-C ұяшықтарының кейбірі кескінді сыртқы дисплейге шығаруға және ноутбукты қуаттауға мүмкіндік береді. Ноутбук бір мезетте бірнеше сыртқы 4K дисплеймен жұмыс істей алады.

Ноутбуктың төменгі жағында салқындату жүйесіне ауа өтетін көптеген саңылау орналасқан.

Мұнда гель қабатымен қапталған шағынтіреуіштер бар. Олар ноутбук корпусының сырғып кетуіне жол бермей, оны сәл көтеріп тұрады. Соның арқасында салқындату жүйесіне ауа жақсырақ өтеді әрі ішіндегі жылы ауа сыртқа оңай шығарылады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Енді ноутбук корпусының жоғарғы бөлігін қарастырайық.

Корпустың жоғарғы бөлігі еш күш жұмсамай, бірқалыпты әрі жеңіл ашылады. Оны өзіңізге ыңғайлы кез келген қалыпта бекітуге болады. Сондай-ақ 180 градусқа дейін толық ашылады. Бұл, мысалы, бір құрылғыны бірнеше адам бірге пайдаланғанда өте ыңғайлы. Бекітуге арналған топсалы механизм жоғары беріктікпен жасалған және ұзақ уақыт пайдалануға есептелген.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Корпустың жоғарғы ішкі бөлігінде Windows Hello жүйесімен жұмыс істейтін Full HD веб-камера орналасқан. . Камера объективін қажет кезде механикалық ысырма арқылы жауып қоюға болады. Бұл пайдаланушыға камераны физикалық түрде бұғаттап, құпиялылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Корпустың ішкі бетіне ажыратымдылығы 2.5K-ға дейін жететін 14 дюймдік сапалы OLED дисплей орнатылған. Оның NanoEdge жиектері өте жіңішке жасалған. Соның арқасында экрандағы кескін кеңірек көрініп, дисплей мен пайдаланушының арасындағы көзге көрінетін шекара барынша азаяды.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

DCI-P3 стандарты бойынша түстерді 100 пайызға дейін қамтуы экрандағы түстерді қанық әрі табиғи етіп көрсетеді.

Экранның жауап беру уақыты қысқа болғандықтан, мәтінді жылжытқанда кескін бірқалыпты көрінеді, ал бейнежазбаларды көру кезінде қозғалыс анық әрі жайлы қабылданады.

100 000:1 деңгейіндегі контраст қара түстің қанықтығы мен тереңдігін айқындай түседі. Экранның көру бұрышы да кең, сондықтан кескінге әр қырынан қараған кезде оның сапасы жақсы сақталады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Экран жарықтығы қоршаған ортадағы жарық деңгейіне қарай реттеледі. Жарық тым күшті болған кезде де экран көзді қажытпайды әрі мәтінді анық оқуға мүмкіндік береді. Экранның жарықтығын реттеуге, сондай-ақ көк жарық мөлшерін азайтатын түнгі режимді қосуға болады.

Бұл ерекшеліктер ASUS ExpertBook P5 G2 моделін бейнежазбаларды көруге, сондай-ақ құжаттармен, графиктермен, кестелермен және басқа жұмыс материалдарымен жұмыс істеуге ыңғайлы етеді.

Аудиожүйе дыбысты анық әрі сапалы жеткізеді. Дыбыс көлемді және қуатты естіледі. Микрофондарға арналған жасанды интеллект негізіндегі шуды азайту функциясы да бар. Бұл модельде микрофонның жұмыс режимін нақты жағдайға қарай баптауға болады. Мысалы, бір адамның дауысын немесе бірнеше адамның сөзін анық қабылдауға бейімдеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар VoicePrint технологиясы арқылы дауысты тану функциясы қарастырылған.

Дисплей сенсорлық басқару мүмкіндігімен жабдықталмаған. Кейбір пайдаланушылар үшін бұл қолайсыз болуы мүмкін. Алайда смартфондар мен планшеттердің сенсорлық экранына үйренген адамға ғана бұл ерекшелік өзгеше көрінуі ықтимал.

Сонымен қатар бұл модельде көлемі үлкен, сезімталдығы жоғары және басқаруға ыңғайлы тачпад орнатылған. Сондықтан дербес компьютерде ұзақ уақыт тінтуірмен немесе планшетте саусақпен жұмыс істеп үйренген пайдаланушының өзі оған тез бейімделе алады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Ноутбук корпусының ықшам болғанына қарамастан, пернетақтада жұмыс істеу ыңғайлы. Пернелерді басқан кезде құлаққа жағымды жеңіл дыбыс естіледі. Перненің басылу тереңдігі 1,5 мм.

Пернетақта жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Ноутбук іске қосылған сәтте жарық анық көрінеді, кейін біртіндеп бәсеңдеп, көзге жайлы деңгейде қалады. Соның арқасында бөлмедегі жарық деңгейіне қарамастан, пернетақтадағы жазуларды анық ажыратуға болады. Сонымен қатар мобильді пайдалануға бейімделген ноутбуктың пернетақтасы сұйықтықтың кездейсоқ шашырауынан қорғалған.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Ноутбукты іске қосу батырмасы пернетақтаның жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан. Құрылғыдағы деректердің қауіпсіздігіне баса мән берілгендіктен, батырмаға саусақ ізін тану сканері орнатылған.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Процессор, салқындату жүйесі және жад

ASUS ExpertBook P5 G2 жаңа моделі AMD Ryzen™ AI R7-445 процессорымен жабдықталған. Оның 6 ядросы мен 12 ағыны бар, ал такт жиілігі 4,6 ГГц-ке дейін жетеді. Жасанды интеллектке қатысты есептерді орындау өнімділігі секундына 50 триллионнан астам операцияны құрайды (TOPS).

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Бұл технологияда машиналық оқыту мен жасанды интеллект пайдаланылатын қосымшалардың өнімділігін арттыру үшін арнайы нейропроцессор есептеу платформасына біріктірілген.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Бұл мүмкіндік бизнес үшін неге маңызды?Қазіргі таңда ноутбуктың жасанды интеллектке қатысты міндеттерді дербес орындай алуы барған сайын өзекті болып келеді. Деректерді басқа серверлерге жөнелтпей, жасанды интеллект алгоритмдерін тікелей құрылғының өзінде өңдеу үшін өнімділік көрсеткіші кемінде 40 TOPS болуы қажет. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, құрылғының тиісті қосымшалар мен жасанды интеллект функцияларын орындау мүмкіндігі де соғұрлым кеңейеді.

Жасанды интеллектке қатысты есептерді орындау өнімділігі секундына 50 триллионнан астам операцияға (TOPS) жететін AMD Ryzen AI процессорлары жасанды интеллект міндеттерін бұлттық сервистерге жүгінбей-ақ, ноутбуктың өзінде өңдей алады. Бұл ақпараттың құпиялылығын қорғауды күшейтеді, өйткені өңдеу кезінде интернет байланысына тәуелділік азаяды.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Сонымен қатар AMD Ryzen AI жоғары өнімділік пен энергияны үнемді тұтынуды үйлестіреді.

ASUS ExpertBook P5 G2 процессорға кіріктірілген AMD Radeon 840M Graphics графикалық жүйесімен де жабдықталған.

Қазіргі бизнес ортасында құрылғының жедел жады мен оны әрі қарай кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ жинақтауыш көлемін арттыру мүмкіндігі де маңызды.

ASUS ExpertBook P5 G2 жоғары дерек алмасу жылдамдығы бар энергия үнемдейтін LPDDR5X-5600 жедел жадын пайдаланады.

2× SO-DIMM модульдерінің арқасында жедел жад көлемін 32 ГБ-тан 96 ГБ-қа дейін арттыруға болады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук
ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Жинақтауыштардың жалпы сыйымдылығын 6 ТБ-қа дейін арттыруға болады. Ноутбукта SSD жинақтауыштарына арналған екі жеке ұяшық бар. Олардың біріне сыйымдылығы 2 ТБ-қа дейінгі, екіншісіне 4 ТБ-қа дейінгі SSD орнатуға болады. Осылайша жинақтауыштардың жалпы көлемі 6 ТБ-қа дейін жетеді. ASUS ExpertBook P5 G2 моделіндегі SSD ұяшықтары негізгі тақшада, ноутбуктың төменгі бөлігіндегі қорғаныс панелінің астында орналасқан. Оларға қол жеткізу үшін корпустың артқы бөлігін толық шешу қажет.

Қуатты процессор оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін тиімді салқындату жүйесін де талап етеді.

ASUS ExpertBook P5 G2 моделінде ExpertCool фирмалық салқындату жүйесі қолданылған. ASUS компаниясы бұл жүйені корпоративтік және бизнеске арналған ноутбуктер үшін арнайы әзірлеген. Оның ерекшелігі құрылғының экраны ашық тұрған кезде де, жабық күйде де салқындатуды тиімді ұйымдастыруында. Жүйе ауа ағынының бағытын автоматты түрде реттеп, ноутбуктың шамадан тыс қызуына жол бермейді. Бұл әсіресе құрылғыны сыртқы мониторға қосып, жеке жұмыс станциясы ретінде пайдаланған кезде маңызды. Мұндай жағдайда ноутбуктың экраны жабық тұруы мүмкін.

Аккумулятор және автономды жұмыс

Ноутбуктың басты артықшылықтарының бірі — оны кез келген жерде жұмысқа пайдалану мүмкіндігі. Құрылғыны іскерлік кездесуге, үйге, кеңсеге немесе дәмханаға алып баруға, сондай-ақ сапар мен ұшу кезінде де жұмыс істеуге болады. Сондықтан оның қажет болған сәтте тұрақты жұмыс істеуі маңызды.

ASUS ExpertBook P5 G2 сыйымдылығы 70 Вт·сағ аккумулятормен жабдықталған. Бұл қазіргі ноутбуктердегі орташа көрсеткіштен жоғары. Бір толық қуаттағаннан кейін құрылғы 22 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Осылайша ұзақ сапар немесе жұмыс күні кезінде ноутбуктың қуаты таусылып қалуына алаңдаудың қажеті азаяды. Сонымен қатар аккумулятор ұзақ уақыт пайдалануға есептелген.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Жинаққа 90 Вт қуат адаптері мен USB-C жалғау кабелі кіреді. Олар жылдам қуаттау технологиясын қолдайды. Оның көмегімен аккумуляторды 49 минутта 60 пайызға дейін қуаттауға болады.

Жасанды интеллектіге негізделген қосымшалар мен функциялар

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Қауіпсіздіктің көпдеңгейлі жүйесі

ASUS ExpertBook P5 G2 бизнес жүргізуге немесе корпоративтік ортада пайдалануға арналған құрылғы болғандықтан, ондағы ақпаратты қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Жүйеде деректердің кездейсоқ жоғалуын және рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмауға бағытталған бірнеше деңгейлі қауіпсіздік құралдары қарастырылған.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Қауіпсіздік жүйесіне мыналар кіреді:

– BIOS жүйесіне арналған NIST SP 800-155 стандарты. Ол күрделі кибершабуылдардан қорғауға арналған. Стандарттың негізгі міндеттері қатерлерді анықтау, жүйе іске қосылған сәттен бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп туындаған жағдайда қорғау мен қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруды қамтиды.

– Windows 11 жүйесіне арналған Secured-core PC стандарты. Бұл Microsoft компаниясының дербес компьютерлердің қауіпсіздігін сертификаттауға арналған жоғары деңгейлі талаптарының бірі.

– BIOS пен құрылғы драйверлеріне арналған қауіпсіздік жаңартуларын бес жыл бойы алу мүмкіндігі.

– FIDO2 кілті арқылы саусақ ізін тану негізінде пайдаланушының жеке басын растау жүйесі.

– SafeGuard Backup қосымша көшірме құралы. Ол корпоративтік ноутбуктегі деректердің резервтік көшірмесін жасауға және ақпаратты қорғауға арналған.

– Инфрақызыл веб-камера арқылы пайдаланушыны анықтап, бейімделіп жұмыс істейтін бұғаттау жүйесі. Пайдаланушы ноутбуктен алыстаған кезде экран автоматты түрде құлыпталады.

– TPM 2.0 криптопроцессоры.

Бұған қоса, құрылғыда қарапайым болғанымен, күнделікті қолданыста тиімді қорғаныс шаралары да қарастырылған. Олардың қатарында веб-камера объективін механикалық пердемен жабу және Kensington Nano құлпын бекітуге арналған арнайы ұяшық бар.

Жасанды интеллект мүмкіндіктері

ASUS ExpertBook P5 G2 құрылғысының жасанды интеллектіге негізделген технологиялары үш негізгі құрамдасқа сүйенеді. Олар аппараттық жасанды интеллект жеделдеткіші, Windows операциялық жүйесінің мүмкіндіктері және ASUS компаниясы әзірлеген жасанды интеллектке негізделген арнайы бағдарламалар.

Кездесулер мен бейнеконференцияларды сапалы өткізуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі — AI ExpertMeet. Қосымшаның басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттың құпиялылығын сақтауға бағытталған. Ол бұлттық серверлерге жүгінбей, деректерді тікелей құрылғының өзінде өңдейді.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Мысалы, AI Translated Subtitles функциясы әңгіме немесе аудиожазбадағы сөздерді нақты уақыт режимінде мәтінге түсіріп, субтитр ретінде аудара алады.

AI Meeting Minutes дауыстық хабарламаларды жазып қана қоймай, әр спикердің сөзін жеке-жеке мәтінге айналдырады. Сондай-ақ айтылған сөздерді талдап, негізгі ойлар мен маңызды тұстарды бөліп көрсетеді.

AI Noise Cancellation жасанды интеллект негізінде шуды интеллектуалды түрде басқарады. Ол дыбыс сапасын жақсартып, бөгде шуды азайтады және спикердің дауысын анық бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Веб-камера арқылы алынған кескінді өңдеуге арналған функциялар да қарастырылған. Олардың қатарында кескін сапасын жақсарту және бейнеконференция немесе қоңырау кезінде фонды өзгерту мүмкіндігі бар.

Бейнеқоңырау немесе тікелей эфир кезінде жарияланған материалға авторлық белгі қоюға болады.

Бұл мүмкіндіктер Windows 11 жүйесіндегі Copilot+ құралдарымен толықтырылады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Олардың қатарында нақты уақыттағы субтитрлер, Windows Studio Effects құралдары және нейрочиптің есептеу қуатын пайдаланатын басқа да жасанды интеллект функциялары бар.

Жасанды интеллект көмекшілері іскерлік байланыс кезіндегі күнделікті қайталанатын міндеттердің бір бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Олар дыбыс сапасын жақсартып, кездесулердің хаттамасын жасап, талқылау нәтижесі бойынша қысқаша қорытынды әзірлейді және әртүрлі тілде сөйлейтін әріптестер арасындағы тілдік кедергіні азайтады.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

Қорытынды

ASUS ExpertBook P5 G2 кеңседен бастап қонақүй бөлмесіне, жолға, қашықтан жұмыс істеуге, әуежайға немесе дәмханаға дейінгі әртүрлі жағдайда құжаттармен, графиктермен, кестелермен, CRM жүйелерімен, аудио және бейнебайланыспен күнделікті тұрақты жұмыс істеуге арналған.

ASUS ExpertBook P5 G2 жаңа буын AMD Ryzen™ AI R7-445 процессорымен жабдықталған. Құрылғы жасанды интеллекттің заманауи технологияларын пайдаланып, тиісті міндеттерді интернеттегі сыртқы серверлерге жүгінбей орындауға мүмкіндік береді.

ASUS ExpertBook P5 G2 құрылғысына енгізілген жасанды интеллект құралдары корпоративтік байланыс саласындағы қолданбалы міндеттерді орындауға көмектеседі.

ASUS ExpertBook P5 G2 дірілге, қысымға және кездейсоқ соққыға төзімді. Оның пернетақтасы сұйықтықтың шашырауынан және кездейсоқ төгілуінен қорғалған.

ASUS ExpertBook P5 — жасанды интеллект пен ұзақ автономды жұмысқа бейімделген ноутбук

ASUS ExpertBook P5 G2 құрылғысында бірнеше деңгейден тұратын қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.

ASUS ExpertBook P5 G2 ұзақ уақыт бойы қарқынды пайдалануға бейімделген.

ASUS ExpertBook P5 G2 аккумуляторы толық жұмыс күніне және одан да ұзақ уақытқа жететін қуат қорын қамтамасыз етеді. Жылдам қуаттау мүмкіндігі де бар.

Бизнеске арналған ноутбуктер жеке санат ретінде қалыптасқан қазіргі кезеңде ASUS ExpertBook P5 G2 қуатты, ықшам, жасанды интеллект мүмкіндіктері кең, жинақы әрі қауіпсіз құрылғы қажет ететін мамандарға арналған модель ретінде ерекшеленеді. Оның басты ерекшелігі — пайдаланушыға нақты бір жұмыс орнына тәуелді болмай, қажет жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беруі.