Xiaomi Қазақстандағы ресми сатылым арналарын кеңейтуде
Xiaomi, тұтынушылық электроника мен ақылды техника саласындағы әлемдік көшбасшы компания, Қазақстанның ең ірі онлайн сауда алаңы — Kaspi.kz платформасында ресми Xiaomi Store дүкенін ашқанын хабарлады.
Енді қазақстандықтар Xiaomi өнімдерін Kaspi.kz арқылы оңай әрі жылдам сатып ала алады. Платформаның ұсыныстарының қатарында Kaspi Red қызметі мен бөліп төлеу мүмкіндігі де бар. Жаңа дүкеннің асортиментінде смартфондардан бастап, киюге арналған электроника, ақылды гаджеттер және тұрмыстық техника сияқты кең таңдаулар ұсынылған.
Kaspi.kz платформасындағы ресми Xiaomi дүкені өнімдердің түпнұсқалығын, ресми кепілдікті және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сатып алушылар арнайы жеңілдіктер мен акциялардан, эксклюзивті ұсыныстар мен бөліп төлеу мүмкіндіктерінен пайдалана алады.
«Kaspi.kz платформасында ресми Xiaomi дүкенін ашу — Қазақстандағы Xiaomi үшін маңызды әрі стратегиялық қадам. Біз өз пайдаланушыларымызға ыңғайлы әрі сенімді сатып алу тәжірибесін ұсынуды мақсат етіп отырмыз. Kaspi.kz-пен серіктестік жасау арқылы біз клиенттер үшін ең қолайлы жағдайлар жасай аламыз», — деп атап өтті Xiaomi Қазақстанның бас директоры Чжан Хао мырза.
«Біздің басты міндетіміз — қазақстандық пайдаланушыларға сапалы өнімдер мен қызметтер ұсыну. Kaspi.kz платформасындағы ресми дүкен сатып алу процесін қолжетімді әрі тиімді етеді деген сенімдеміз», — деді Xiaomi компаниясының ТМД елдеріндегі басшысы Ма Чуньгуан мырза.
Сонымен қатар, Xiaomi Қазақстандағы қызмет көрсету сапасын дамытуда. Компания пайдаланушыларына жоғары сапалы қолдау, жөндеу және қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұсынады. Барлық сервис орталықтары сертификатталған және сатудан кейінгі қызмет көрсету бойынша жоғары стандарттарға сай жұмыс істейді.