Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының финалдық кезеңдері өтті. 30 мамандық бойынша 550-ден астам колледж студенті өзара бақ сынасты. Олардың жұмыстарын 558 сарапшы бағалады.
Қазақстанның білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев «ІТ-шешімдер бизнес үшін» санаты бойынша жеңімпаздарды марапаттауға қатысты. Бұл салада Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Нұртай Қазиев жеңіске жетті. Ол 1С бағдарламалау тілінде жұмыс істеген.
Сонымен қатар, тағы екі студент 1С платформасын пайдаланып, арнайы марапаттарға ие болды. Олар – Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенті Станислав Пестряков және Қазақ-неміс политехникалық колледжінің студенті Максим Сунцев. Бұл категорияда 17 үміткер жарысқа түсіп, олардың үшеуі 1С платформасын қолданған.