Home Технологиялар Ғаламтор және желі Wildberries және Russ клиенттері киберқылмыскерлердің жаңа айласынан зардап шегуде

Wildberries және Russ клиенттері киберқылмыскерлердің жаңа айласынан зардап шегуде

11

Wildberries және Russ біріктірілген компаниясының қауіпсіздік қызметі клиенттерге бағытталған көпдеңгейлі алаяқтық схеманы әшкереледі. Қаскөйлер смартфонға зиянды бағдарлама орнату арқылы құрылғыға қашықтан қол жеткізуді көздеген.

Компания мәліметінше, алаяқтар мессенджерлер арқылы фотоархив түрінде жасырылған зиянды файлдарды жібереді. Хабарлама көбіне “Сен осы суреттегі адам емессің бе?” деген секілді назар аудартатын мәтінмен келеді. Алайда пайдаланушы файлды ашқан сәтте, оның құрылғысына бақылау орнататын бағдарлама іске қосылады.

Бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар тұтынушының атынан Wildberries платформасына кіріп, түрлі тауарларды сатып ала бастайды. Қауіпсіздік мамандары мұндай шабуылдардың саны 2025 жылдың алғашқы тоқсанында күрт артқанын айтады. Дегенмен, платформаның қорғаныс жүйесінің арқасында қаржылай шығындарға жол берілмеген.