Home Технологиялар Ғаламтор және желі VPN қосымшалары: желі еркіндігін қалай сақтаймыз?

VPN қосымшалары: желі еркіндігін қалай сақтаймыз?

13

VPN — бүгінгі интернет дәуірінде жиі айтылатын ұғым. Ағылшын тіліндегі Virtual Private Network тіркесінен алынған бұл атау қазақшаға аударғанда «виртуалды жеке желі» дегенді білдіреді. Бұл — интернеттегі қауіпсіз әрі құпия байланыс орнатуға арналған технологиялар жиынтығы. Сонымен бірге, кейбір елдерде бұғатталған сайттар мен сервистерге жол ашатын құрал.

VPN қолданушылардың нақты санын дөп басып айту қиын. Қазір бұл қызметті ұялы телефоннан бөлек, планшет пен компьютерге де орнатуға болады. Тіпті кейде бір ғана құрылғыда бірнеше түрлі VPN қосымшасы қатар жұмыс істеп тұрады.

Бұл сервистің басты артықшылығы — құпиялылық пен еркіндік. Бұл қызметті қосқанда, сіз желіге тікелей емес, шетелдегі аралық сервер арқылы қосыласыз. Интернеттегі барлық әрекет сол серверден өтеді және қорғалады. Сондықтан жүйе сізді сол елдің қолданушысы деп қабылдайды. Нәтижесінде, өз еліңізде бұғатталған сайттарға да еш кедергісіз қол жеткізе аласыз.

VPN қосымшалары: желі еркіндігін қалай сақтаймыз?

Дегенмен, жол ұзарған сайын интернеттің жылдамдығы да баяулай түседі, ал жауап қайтару уақыты — яғни ping артады. Бұл дегеніміз — сайттардың баяу жүктелуі, бейнематериалдардың кеш ашылуы. Сонымен қатар, VPN — құрылғының аккумуляторын тез тауысып қоятын қосымшалардың бірі. Әсіресе қосымша фондық режимде жұмыс істеп тұрса, құрылғы қуаты жылдам сарқылады.

Дегенмен, мұндай шектеулерге қарамастан, 2023 жылы Ресей VPN пайдалану көрсеткіші бойынша әлемде екінші орынға шықты. Алғашқы орында — Үндістан. Бұл елде де шектеулер күшейіп келеді. Жалпы, Ресейдегі VPN жүктеулері 2021 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артқан.

VPN-нің ақылы түрлері айына шамамен 1000 рубль тұрады. Алайда мұндай сомаға дайын жұрт көп емес. Сондықтан Ресейде де, Қазақстанда да қолданушылардың көбі тегін нұсқаларды таңдауға бейім. Сарапшылардың айтуынша, отандастарымыз да шектеуі көп болса да, ақылы қызметтерден гөрі тегін сервистерді жиі қолданады.

Мәселен, тегін VPN қызметтерінде көбіне «желі трафигін бөлу» (split tunneling) функциясы болмайды. Бұл мүмкіндік арқылы деректердің бір бөлігі VPN арқылы, ал қалғаны ашық желі арқылы жүргізіледі. Мұндай тәсіл әсіресе кейбір сайттарға қойылған аймақтық шектеулерді айналып өту үшін қажет.

Иә, тегін VPN-дер бұғатталған ресурстарға кіруге мүмкіндік береді. Алайда оларды шексіз пайдалануға болмайды. Көп жағдайда трафик мөлшері шектеулі — айына небәрі бірнеше жүз мегабайт қана ұсынылады. Бұл көлем әлеуметтік желілерді қарап шығуға жеткілікті болуы мүмкін, бірақ фильм көруге, ұзақ видеолар тамашалауға немесе онлайн ойын ойнауға жетпейді. Ал лимит таусылған соң интернеттің жылдамдығы күрт төмендеп, қосымшаны әрі қарай пайдалану мүмкін болмай қалады.

Серверге жүктеме артқан кезде, әсіресе түскі не кешкі уақыттарда VPN-ге қосыла алмауыңыз мүмкін. Себебі тегін сервистер серверлік қуатын арттыруға қаражат салмайды. Ал қосыла алған күннің өзінде, сайттар баяу ашылып, бейнежазбалар ұзақ жүктеліп тұруы ықтимал.

VPN қосымшалары: желі еркіндігін қалай сақтаймыз?

VPN жылдамдығы тек интернеттің өзіне емес, қосылған сервердің мүмкіндігіне де байланысты. Егер VPN іске қосулы болса, желі жылдамдығы бәрібір баяулайды. Кейбір мемлекеттік сайттар мұны бірден байқап, қолданушыға ескерту шығарады. Ал Яндекс тәрізді іздеу жүйелері VPN арқылы жұмыс істегенде, іздеу нәтижелерін беруі ұзаққа созылады.

Сол себепті VPN-ді тек қауіпсіздік аса маңызды сайттарға кіргенде ғана қосқан жөн. Қосымшаны қажет кезде қосып, кейін өшіріп отыру әдетке айналғаны дұрыс. Айтпақшы, қазір көптеген смартфонда VPN қосу мен өшіруді автоматтандыруға болады. Мысалы, телефонның артқы панеліне екі рет түртіп қана, оны іске қосуға не сөндіруге мүмкіндік бар.

Кейбір тарифтік жоспарларда әлеуметтік желілерге шектеусіз қолжетімділік қарастырылған. Алайда егер сіз бұл желілерге VPN арқылы кірсеңіз, ұялы оператор трафикті басқаша қабылдайды. Соның нәтижесінде дерек негізгі интернет көлемінен алынып, қосымша ақы төлеуіңіз мүмкін. Сондықтан VPN-ді тек шын қажет болғанда ғана қосып, жұмысыңыз біткен соң уақыт оздырмай өшіріп отыруды ұмытпаған жөн.

Сарапшылар қандай сервистерді ұсынады?

Көпшілікке VPN қосымшаларының айырмашылығы тек интерфейсте сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде олардың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен жылдамдығы әртүрлі.

Бүгінде жүзден аса VPN-сервис бар. Дегенмен қайсысы қауіпсіз әрі ыңғайлы екенін ажырата алмай жатсаңыз, мамандардың кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн. Мәселен, танымал техноблогер Wylsacom 2025 жылдың шілде айына арналған ең сенімді бес VPN-қосымшаны ұсынады:

  1. AdGuard
  2. VPN Bucks
  3. SquirrelVPN
  4. Planet VPN
  5. Wirevpn

Ал сіз қай VPN-сервисті қолданасыз?

  • ExpressVPN
  • NordVPN
  • CyberGhost
  • Proton VPN
  • Windscribe
  • TunnelBear
  • Hotspot Shield
VPN қосымшалары: желі еркіндігін қалай сақтаймыз?

Мақала ашық дереккөздерге сүйене отырып жазылды.