Home Технологиялар Қосымшалар мен бағдарламалар VK Мессенджердің орнын басқан MAX нарықтағы бәсекені өзгертпек

VK Мессенджердің орнын басқан MAX нарықтағы бәсекені өзгертпек

38

Ресейде мессенджерлерге қатысты жаңа өзгерістер басталды. Мемлекеттік думадағы ақпараттық саясат және байланыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Антон Горелкин «Законный вопрос» подкастінде WhatsApp-тың елдегі болашағына тоқталды.

Оның айтуынша, алдағы уақытта WhatsApp қолданушылары азаюы мүмкін. Ал Telegram мен жаңа MAX мессенджері керісінше, кеңінен тарала бастайды деп күтілуде. Депутаттың пікірінше, бұл екі қосымша біраз уақыт қатар қолданыста болады. Алайда ұлттық мессенджерге басымдық берілген соң, Telegram-ның үлесі біртіндеп қысқаруы ықтимал.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап MAX қосымшасы ресейліктердің құрылғыларына міндетті түрде орнатылатын болды. Ол осы уақытқа дейін алдын ала жүктеліп келген VK Мессенджердің орнын басады. Бұл шешімді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мақұлдаған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам мессенджерлер нарығындағы тепе-теңдікті өзгертпек. Ал WhatsApp-тың бұрынғыдай жетекші орнын сақтап қала алмайтыны айтылып отыр.