Home Технологиялар Ғаламтор және желі Tinder қолданушыларына жаңа мүмкіндік ұсынылады

Tinder қолданушыларына жаңа мүмкіндік ұсынылады

37

Әлемге танымал танысу қосымшасы Tinder серіктес таңдаудағы тәсілін түбегейлі өзгертпек. Қолданушылардың белсенділігі төмендеп бара жатқанын ескерген компания енді жасанды интеллектіге (ЖИ) сенім артады. Бұл туралы digitalbusiness.kz порталы қосымшаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Bloomberg мәліметінше, Tinder-дің бас компаниясы Match Group қазір қосымшаның дамуын жандандыру жолдарын іздеуде. Мамыр айының басында компания қызметкерлерінің 13%-ын қысқартқаны белгілі болды, бұл үдеріс Tinder командасын да айналып өтпеді.

Жаңа жасанды интеллект функциялары 2025 жылдың келесі тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. Яғни, қолданушылар Tinder-дің бұрыннан таныс “свайп” механизмімен шектелмей, серіктес таңдаудың балама жолдарын көре алады.

Компания өкілдерінің айтуынша, ЖИ көмегімен сәйкестік табу функциясы бұрынғы алгоритмді толықтыратын жаңа мүмкіндік болмақ. Сонымен қатар, Tinder пайдаланушылардың профильдері үшін ең сәтті фотоларды таңдауға көмектесетін AI Photo Finder қызметін де жетілдіруді көздеп отыр.

Tinder қолданушыларына жаңа мүмкіндік ұсынылады

Осы аралықта Tinder компаниясының бас директоры Фэй Иосоталуно 2025 жылдың шілде айында қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұл туралы LinkedIn парақшасында жазды. Иосоталуно Tinder-де сегіз жыл жұмыс істеп, соңғы екі жылын басшылық қызметте өткізген.

Match Group компаниясының бас директоры Спенсер Раскофф уақытша Tinder тізгінін өз қолына алғаны да мәлім болды. Оның сөзінше, басшылықтағы ауысым алдын ала жоспарланған.