Apple компаниясы 2024 жылғы WWDC конференциясында Siri-дің жекелендірілген жаңа мүмкіндіктерін алғаш рет таныстырған еді. Ол функциялар iOS 18 нұсқасында іске қосылады деген болжам болған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады. Бұған дейін Apple аталған жаңартуға көбірек уақыт қажет екенін айтып, функцияларды кейінге шегергенін хабарлаған.
Siri-ге енгізілетін жаңа Apple Intelligence мүмкіндіктері енді iOS 19 жүйесіне жоспарланып отыр. Дегенмен олар iOS 19-дың алғашқы нұсқасында пайда бола ма, әлде кейінгі жаңартуларға қалдырыла ма — бұл жағы әзірге белгісіз. Macrumors мәліметінше, пайдаланушылар жаңа Siri-ді 2026 жылға дейін күтуі мүмкін.