Home Технологиялар Ғаламтор және желі TikTok – Z ұрпағының басты жаңалық алаңы

TikTok – Z ұрпағының басты жаңалық алаңы

14

Америкалық Sprout Social компаниясы 2024 жылғы әлеуметтік желілерде контент стратегияларының есебін жариялады. Зерттеудің нәтижесі бойынша, TikTok қазіргі уақытта Z ұрпағы үшін басты жаңалық көзіне айналған. Ал әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Instagram болып қала береді.

Sprout Social – әлеуметтік желілерді басқару және аналитика саласындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын американдық компания. Олар контент жариялау, аудиторияны тарту және бизнес-аналитика үшін жасанды интеллект негізінде құралдар ұсынады.

Зерттеуге АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Ирландиядан 4400 респондент қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша, TikTok-қа әлеуметтік желілердің кез келген жас тобынан 68% қолданушы тіркелген. Сонымен қатар, Z ұрпағының (1997-2012 жылдары аралығында туған жас ұрпақ) 86% TikTok-ты пайдаланады.

Зерттеуге қатысушылардың 63% жаңалықтарды TikTok арқылы көретінін айтқан. Instagram екінші орында тұр, бірақ бұл платформаны да 62% қолданушы таңдаған.

TikTok-тағы ең танымал формат – 15-60 секундтық бейнематериалдар. Қолданушыларға әсіресе көңіл көтеру контенті, әсерлі адамдармен серіктестік, байқаулар мен сыйлықтар қызықтырады.

Sprout Social өз зерттеуінде әр ұрпақ үшін ең танымал әлеуметтік желілерді де анықтады:

Z ұрпағы (1997-2012 жылдар) – Instagram;

Миллениалдар (1980-1997 жылдар) – Facebook / Instagram;

X ұрпағы (1965-1980 жылдар) – Facebook;

Беби-бумерлер (1946-1965 жылдар) – Facebook.