2023 жылы жарық көрген Baldur’s Gate 3 ойыны Larian Studios тарихындағы ең табысты жобалардың бірі ретінде танылды. Бұл жоба ойын қауымдастығында үлкен резонанс тудырып, кейіннен оның телесериалға айналатыны туралы жаңалық белсенді талқыланды. Көптеген ойыншылардың пікірінше, экранға шығатын сериал ойынның негізгі сюжет желісін сақтай отырып, белгілі бір жолмен өрбитін болады.
Ойын екі түрлі аяқталуы мүмкін, бірі жақсылыққа, екіншісі жамандыққа бағытталған. Бұл соңы он екі негізгі сценарийге бөлінеді, ал қалған 16 988 нұсқа ойыншылардың фракциялармен, кейіпкерлермен және серіктермен қарым-қатынасына байланысты әртүрлі даму жолдарын көрсетеді. Қоғамда талқыланып отырған мәселе Larian Studios студиясының экранизацияға тікелей қатыспауы, бұл ойын тәжірибесінің толық көрініс табуына кедергі келтіруі мүмкін.
Телесериал тек бір ресми сюжет желісін таңдауға мәжбүр болады. Сол себептен әртүрлі шешім қабылдаған ойыншылардың тәжірибесі сериалда көрініс таппауы мүмкін. Ойынға көп уақыт арнап, өз жолымен дамытқан көрермендер үшін бұл мәселесі өте күрделі, өйткені әр ойынның финалы бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді, ал экран нұсқасы бәрін бір сценарийге шоғырландырады.
Сонымен қатар, көрермендер шоураннер ретінде Крэйг Мэйзиннің жарамдылығына күмәнмен қарайды. Олар The Last of Us сериалының екінші маусымына келген сындарды еске алып, Мэйзинді ойын экранизациясын сеніп тапсыруға әлі дайын емес деп бағалайды.

Мэйзин жобада бірнеше рөл атқарады: соавтор, сценарист, атқарушы продюсер және шоураннер. Сериалда жаңа кейіпкерлер пайда болуы мүмкін, сонымен қатар бұрын таныс кейіпкерлер де экранға шығады. Дегенмен, нақты актерлік құрам мен кейіпкерлердің аттары әлі жарияланған жоқ.
Екінші жағынан, The Last of Us экранизациясынан айырмашылығы, жаңа сериал бұрыннан белгілі сюжетке толық сәйкес келмейді. Оқиға Baldur’s Gate 3 ойынының финалынан кейін басталып, ойын барысында қабылданған шешімдердің салдарын көрсетеді. Негізгі сюжет жаңа кейіпкерлерге бағытталғанымен, бұрынғы кейіпкерлердің де қатысуы мүмкін.
Шоураннер өз сөзінде Baldur’s Gate III ойынының ұзақ уақыт бойғы жанашыры екенін атап өтті. Ол ойынды «Даңқ» режимінде шамамен мың сағат ойнағанын, сондай-ақ Dungeons & Dragons әлеміне көптен бері қызығушылығы бар екенін айтты. «Baldur’s Gate әлемін және оның ерекше кейіпкерлерін жаңғыртуға атсалысатын сәтті асыға күтемін. Біз жобада түпнұсқаға деген құрметімізді және әлемге деген сүйіспеншілігімізді көрсетуге тырысамыз»,-деп хабарлады ол.
Сериалдың шығу мерзімі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта Крэйг Мэйзин The Last of Us сериалының үшінші маусымын дайындаумен айналысып жатыр, ал Baldur’s Gate 3 экранизациясы тек қана бастау сатысында тұр.












