Маңғыстаулық стартап HRGrowbit жасанды интеллект көмегімен жұмысқа үміткерлердің қабілетін анықтайтын тегін бот әзірледі. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
HRGrowbit компаниясының негізін қалаушы Әсем Сырымбаева идеяның консалтинг агенттігінде жұмыс істеген кезінде туғанын айтты. Сол кезде ол рекрутингпен айналысып, үнемі бір мәселеға тап болған – түйіндемелер кандидаттардың нақты білімін және дағдыларын толық көрсетпейтін. Жұмысқа жаңа қызметкерлерді оқыту мен бейімдеу көп уақыт пен қаржыны талап ететін.
Әсем Сырымбаеваның айтуынша, жасанды интеллектіні қолдану арқылы іріктеу процесін айқын әрі дәл жасау көзделген. Бот әр вакансия мен саланы ескере отырып автоматты түрде тапсырмалар құрап, үміткерлердің қабілетін сараптайды. Бұл кәсіпорындарға қажетті маманды бірден табуға және ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, әсіресе шағын және орта бизнес үшін маңызды.
Құрал әр вакансия мен салаға жеке тапсырмалар жасап, үміткердің білім деңгейін бағалайды. Түйіндемелер нақты дағдыларды көрсетпейтіндіктен, біз бизнеске уақыт пен қаржыны жоғалтпай дұрыс маманды табуға мүмкіндік бергіміз келді, – дейді Әсем Сырымбаева.
Бастапқыда бот ақылы болған, бірақ команда оны толық тегін етіп, жарнама мен жазылымсыз ұсынуды шешті. Бұл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жасалған қадам.
Қазіргі уақытта HRGrowbit тіркелуден өтіп, өнімді ТМД елдері бойынша кеңейтуге дайындалып жатыр.












