Home Аналитика Telegram Румыниядағы консервативті арналарды бұғаттаудан бас тартты

Telegram Румыниядағы консервативті арналарды бұғаттаудан бас тартты

18

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров саяси қысым туралы ашық айтты. Оның сөзінше, Батыс Еуропадағы бір үкімет Румынияда өтетін президент сайлауының алдында Telegram-нан сол елдегі консервативті көзқарастағы арналарды бұғаттауды сұраған. Бірақ компания бұл өтінішке келіспеген.

«Бүгін Румынияда сайлау өтеді. Осыған орай Батыс Еуропаның бір елі бізге хабарласып, консерваторлар жүргізетін Telegram-арналарды бұғаттауды талап етті. Мен бірден бас тарттым. Telegram ешқашан румын қолданушыларының сөз бостандығын шектемейді және олардың саяси көзқарасы үшін арналарын бұғаттамайды», — деді Дуров өз жазбасында.

Ол мәлімдемесінде демократияны қорғау сылтауымен еркіндікке қысым жасауға болмайтынын қатаң айтты.

«Демократияны қорғаймыз деп, оны шектеуге болмайды. Сайлауға сырттан араласуға қарсы күресу керек деп, өзің араласып кетуге жол жоқ. Елде не сөз еркіндігі мен әділ сайлау бар, не мүлде жоқ. Румыния халқы екеуіне де лайық», — деді Telegram басшысы

Бұл жағдай Telegram-ның саяси бейтараптықты ұстанатынын және қолданушылар еркіндігіне басымдық беретінін тағы бір мәрте көрсетті.