Home Аналитика Табысты адамдар неге күнде бірдей киім киеді?

Табысты адамдар неге күнде бірдей киім киеді?

14

Бір қарағанда қызық көрінетін бұл әдеттің астарында терең ой жатыр. Эйнштейн, Стив Джобс, Марк Цукерберг сынды әлемге танымал адамдар күн сайын бірдей киім киюді әдетке айналдырған. Неліктен?

Күнделікті өмір – кішігірім, бірақ толассыз шешімдерге толы. Таңғы асқа не жеу керек? Жұмысқа немен барған дұрыс? Мұндай ұсақ-түйек сұрақтар санаға салмақ салады. Психологтар мұндай жағдайдың әсерін зерттеп, күн сайынғы шешімдер саны көбейген сайын адамның байыппен ойлау қабілеті төмендейтінін анықтаған. Бұл – “шешім қабылдаудан шаршау” деп аталатын құбылыс.

Табысты адамдардың қарапайым киіну себебі де осында – олар киім таңдауға уақыт пен күш жұмсамауға тырысады. Осылайша, күнделікті шешімдердің санын азайтып, шын мәнінде маңызды істерге бар зейінін аударады.

Табысты адамдар неге күнде бірдей киім киеді?

Стив Джобстың Жапонияға сапары барысында Honda қызметкерлерінің біркелкі киімдерін байқап, ерекше әсер алғаны белгілі. Ол Apple компаниясында да ұқсас тәртіпті енгізуге ұмтылды, дегенмен әріптестері оның бастамасын қолдамады. Нәтижесінде, Джобс өз шешімін жеке тұлғалық стильге негіздеп белгіледі: күнделікті киімге кететін уақыт пен энергияны үнемдеу мақсатында, ол қара жейде, көк джинсы және New Balance аяқ киімін таңдады. Осылайша, ол өз назарын маңызды мәселелерге аударып, сыртқы көрінісіне салынған күшті азайтты.

Табысты адамдар неге күнде бірдей киім киеді?

Марк Цукерберг те дәл осы себеппен бірдей киінетінін айтқан. «Мен өмірімді барынша қарапайым еткім келеді. Қоғамға қызмет етуден басқа нәрсеге бас қатырып, күш жұмсағым келмейді», – дейді ол.

Ал Альберт Эйнштейн гардеробында бірдей сұр костюмдердің бірнеше нұсқасын сақтаған. Таңертең не киемін деп ойланбау үшін.

Қысқасы, бірдей киім – бұл жалқаулықтың емес, саналы таңдаудың көрінісі. Ақыл-ой энергиясын ұсақ-түйекке емес, шын мәніндегі маңызға бағыттаудың бір тәсілі.