Home Технологиялар VR мен AR Spacetop: виртуалды жұмыс кеңістігі енді кез келген ноутбукке қолжетімді болмақ

Spacetop: виртуалды жұмыс кеңістігі енді кез келген ноутбукке қолжетімді болмақ

3

Sightful стартабы виртуалды жұмыс кеңістігіне арналған Spacetop жүйесінің жаңартылған нұсқасын нарыққа шығарды. Бұған дейін тек арнайы құрылғымен жұмыс істеген бұл технология енді жасанды интеллектінің көмегімен заманауи ноутбуктерге бейімделуге мүмкіндік алды.

Spacetop — арнайы көзілдірік арқылы ғана көрінетін 100 дюймдік виртуалды дисплей. Қолданушы бірнеше толыққанды қосымшаны қатар ашып, бір мезетте жұмыс істей алады. Бұл — әртүрлі дереккөзбкн жұмыс істейтін мамандар үшін тиімді шешім.

Әдеттегі монитордан артықшылығы — оны өзіңізбен бірге алып жүріп, кез келген жерде пайдалана аласыз. Яғни, үлкен монитордың орнын басатын құрылғыны өзіңізбен бірге алып жүруге болады. Экран тек қолданушының өзіне көрінеді, яғни қауіпсіздік пен құпиялылық та қамтамасыз етілген.

Жүйемен жұмыс істеу үшін арнайы көзілдірік қажет. Басқару жүйесі қарапайым әрі түсінікті. Сонымен қатар, Spacetop бизнеске арналған және күнделікті қолданылатын қосымшалардың басым бөлігін қамтиды.

Сарапшылардың пікірінше, 2027 жылға қарай дербес компьютерлердің шамамен 60 пайызы кеңістіктік есептеулерді жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде Spacetop сияқты жүйелердің кеңінен таралуына мүмкіндік беріп, кеңістіктік жасанды интеллекттің дамуына серпін береді.