Шанхайда өткен ірі көрмеде Қытай автоөнеркәсібінің технологиялық әлеуеті кеңінен таныстырылды. China Automotive Chip Alliance құрамындағы 150-ден астам компания заманауи көліктерге арналған 1200-ден астам түрлі чип үлгісін ұсынды. Бұл — елдің сыртқы нарыққа тәуелділікті азайтып, ішкі өндіріс қуатын арттыру жолындағы маңызды қадамы.
Көрмеде ұсынылған чиптер қолдану саласына қарай бірнеше топқа бөлінген:
Басқару жүйелеріне арналған микрожүйелер – Xinwangwei, Suzhou Guoxin, Chenzhi Semiconductor, Indixin және Xinti сынды компаниялардың өнімдері;
Есептеу құрылғылары – CoreEngine, Black Sesame және CoreChi компаниялары әзірлегкн чиптер;
Байланыс жүйелеріне арналған чиптер: Neuron мен Renxin Technology өнімдері;
Деректерді сақтауға арналған құрылғылар: GigaDevice, Longsys және Xi’an Unigroup Guoxin әзірлемелері;
Қуат көзіне арналған чиптер : China Resources Microelectronics шығарған;
Энергиямен қамтамасыз ету чиптері: Nanochip технологиялары;
SiRuiPu компаниясының өнімдері секілді балама құрылғылар;
Датчиктер мен сезгіш құрылғылар: Mattel Technology ұсынған өнімдер.
Көрменің басты ерекшелігі – «мөлдір көлік» деп аталған көрнекі макет. Бұл — шынайы өлшемде жасалған визуалды модель. Онда көліктің ішіне орнатылатын чиптердің саны, орналасуы мен қызметі нақты әрі түсінікті түрде көрсетілген. Инсталляция көрерменге заманауи көлік жүйесінің қаншалықты күрделі әрі сан қырлы екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
China Automotive Chip Alliance әзірлеген бұл жоба Қытайдың автоэлектроника саласындағы өз мүмкіндігін ашық көрсетіп, технологиялық дербестікке ұмтылыс барын дәлелдейді.