Home Электроника Аксессуарлар SARBAZ+: Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің жаңа жүйесі іске қосылады

SARBAZ+: Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің жаңа жүйесі іске қосылады

8

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке заманауи технологияларды енгізетін SARBAZ+ атты жаңа жоба әзірленді. Бұл жүйе сарбаздардың дайындық сапасын арттырып, олардың денсаулығы мен психологиялық жағдайын бақылауға бағытталған.

Жоба аясында әскерилерге фитнес-білезіктер беріледі, әскери бөлімдер бейнебақылау және талдау жүйесімен жабдықталады. Сондай-ақ эмоционалдық демалыс бөлмелері ашылады. Биыл күзде алғашқы 150 сарбаз Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде осы жаңа үлгі бойынша қызметін бастайды.

Фитнес-білезіктерден алынған деректерді командирлер мен медицина қызметкерлері онлайн режимде бақылап, сарбаздардың жағдайын дер кезінде бағамдай алады. Бұдан бөлек, жауынгерлерге тұлғалық даму сабақтары өткізіліп, IT және телекоммуникация салалары бойынша білім беріледі.

Мерзімді қызметке іріктеу арнайы онлайн-платформа арқылы жүргізіледі. Жоба өз тиімділігін көрсетсе, SARBAZ+ жүйесі Қарулы күштердің өзге бөлімдеріне де енгізілмек.