Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Сақ болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі.

Сақ болыңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі.

31

Қаржы бақылау органдары 1414 қысқа нөмірі арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің жиілегенін хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар алдымен SMS-хабарламамен код жіберіп, өздерін мемлекеттік орган, банк немесе жеткізу қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, сол кодты айтуды сұрайды.

Кейін олар қауіпсіздік қызметі ретінде хабарласып, алдыңғы қоңырау алаяқтардан келгенін айтып, жәбірленушіні қарыз рәсімдеуге және ақшаны қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді. Осы сәттен бастап жәбірленушінің атынан қарыздар рәсімделіп, қаржы ұрлығы жасалады. Кейде байланыс бейнеқоңырау арқылы жүргізіледі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, 1414 арқылы қызмет көрсететін жүйелерге енді тек биометриялық деректер (Face ID), электрондық цифрлық қолтаңба немесе eGov QR арқылы қол жеткізуге болады. Желтоқсан айынан бастап бұл талаптарды орындамаған қызметтер 1414 нөмірінен ажыратылмақ.

Құқық қорғау органдары ескертеді:
• Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан бір реттік SMS-кодтарды, карта деректерін немесе құпия сөздерді сұрамайды.
• Ақшаны аудару үшін «қауіпсіз шот» деген ұғым жоқ.
• Жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеңіз, күдік туғызған қоңырауларға сақтықпен қараңыз.

Күмән туындаса, банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға тікелей хабарласу қажет. Ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданып, сілтемелер мен хабарламаларды тексеру арқылы киберқауіпсіздікті сақтауға болады.