Home Аналитика S&P500 индексіндегі үздік ондыққа технологиялық компаниялар қайта оралды

S&P500 индексіндегі үздік ондыққа технологиялық компаниялар қайта оралды

18

АҚШ-тағы еңбек нарығындағы оң өзгерістерден кейін инвесторлар технология саласына қайта назар аудара бастады. Соның нәтижесінде соңғы аптада S&P500 индексінің үздік он акциясының бесеуін IT-компаниялар құрады. Бұл туралы ITS сараптамалық шолуына сілтеме жасап LS хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл – технологиялық сектордың қайта жандана бастауының белгісі. Әсіресе әлемдегі жетекші чип өндірушілерінің бірі Micron Technology компаниясына ерекше назар аударылып отыр. Инвестициялық Mizuho тобы Micron акцияларының болжамды бағасын 130 долларға дейін көтеріп, оны «сатып алуға лайық» деп бағалады. Компанияның табысы туралы есебі осы маусымның 25-інде жарияланбақ.

Micron 2027 жылға дейін жоғары жылдамдықтағы жад (HBM) нарығындағы өз үлесін жыл сайын 90 пайызға дейін арттыруы мүмкін. Бұл көрсеткіш бүкіл саладағы орташа өсімнен едәуір жоғары. Мұндай қарқын Micron-ға өзге бәсекелестерінен озып шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ITS Nucor Corp компаниясының да әлеуетіне назар аударып отыр. Бұл – Солтүстік Америкадағы ең ірі болат өндіруші кәсіпорын. Оның акциялары өткен аптада 13%-ға өскен, әрі сарапшылар бұл өсім жалғасуы мүмкін дейді.

Соңғы бес жылда компания 10 млрд доллардан астам қаржыны жаңа жобаларға салған. Бұл жобалардың басым бөлігі енді ғана пайда әкеле бастады. Екі ірі жоба жыл соңында іске қосылады. Ал негізгі инвестициялық нысан – Батыс Вирджиниядағы жаңа болат өндіріс зауыты тұрақты кіріс әкеле бастайды деп 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Бұған дейін, яғни 2024 жылы, Nucor акциялары 50 пайыздан астам құнсызданып, күрделі кезеңді бастан өткерген еді. Алайда АҚШ-та болатқа қатысты тарифтік шектеулер мен жаңа салықтар енгізілгеннен кейін, компания бағытын өзгертіп, инвесторлардың сеніміне қайта ие бола бастады.

«S&P500 индексіндегі үздік ондықтың жаңаруы – инвесторлардың тәуекелге баруға дайын екенін, яғни нарықтан алдағы уақытта өсім күтетінін аңғартады»,-ITS сарапшылары қорытындылады.