Home Технологиялар Ғаламтор және желі «Батырларға тағзым» порталы қазақстандық ардагерлер туралы жаңа мәліметтер ұсынады

«Батырларға тағзым» порталы қазақстандық ардагерлер туралы жаңа мәліметтер ұсынады

145

«Батырларға тағзым» порталында көрсетілген мәліметке сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлердің саны 100 мыңнан асқанын премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі порталға мәліметтерді азаматтар мен ұйымдардан, оның ішінде «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінен келіп түскен ақпараттар негізінде тұрақты түрде қосып отырады.

Премьер-министрдің сөзінше, биыл Қазақстан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл мерейтойға орай атқарылатын іс-шара жоспары аясында қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеп табу, оларды қайта жерлеу, есімдерін мәңгі есте сақтау және ескерткіштерді жаңғырту жұмыстары көзделген.