Home Аналитика Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

20

Майкрософт пен Гуглдың есептерін оқымай-ақ-ақ, қай мамандықтардың болашағы бұлыңғыр екенін аңғаруға болады. Төменде айтылған ойды негізге алсақ жеткілікті. Бәрі де сол мамандықтың экономикалық тиімділігі мен оның әкелетін шынайы құндылығына тіреледі.

Мысалы, Цукербергтің 28 жастағы Александр Ванг негізін қалаған Scale AI компаниясын 16 миллиард доллар қолма-қол ақшаға сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл — осындай деңгейдегі алғашқы да, соңғы да мәміле емес. Себебі, Цукерберг компания капитализациясын кем дегенде 1 триллион долларға арттыруды көздеп отыр. Осы мақсатқа жету үшін 10–20 пайыз, яғни 200 миллиард доллар жұмсау — тиімді бизнес шешім. Бұл жерде айқын бір жайт бар: жасанды интеллект әлі де көрегендігі бар адам орындайтын істерді толық атқара алмайды. Яғни, ЖИ арзанырақ болғанымен, адам секілді стратегиялық пайым мен пайда әкелмейді.

Ал, екінші жағынан, құны арзан, бірақ қоғамға берері де шамалы мамандықтар бар. Мұнда мәселе абсолюттік көрсеткіште емес, салыстырмалы өлшемде.

Сондықтан массажистер, консьерждер сияқты қызмет иелерін ЖИ жақын арада алмастырмайды. Бұл — технологиялық мүмкіндіктің жоқтығынан емес, экономикалық тұрғыдан пайдасыз болғандықтан.

Себебі ешкім арнайы робот-массажист сатып алуға қаржы жұмсамайды. Бірақ болашақта жалпы мақсаттағы роботтар белгілі бір деңгейде массаж қызметін көрсете алатыны анық. Мұндай инженерлік шешімдер бүгінде бар, тек оларды енгізу бизнес үшін тиімсіз.

Осы секілді жағдай микробизнес саласында да байқалады: шаштараз, сантехниктер – бәрі де жеке еңбекке сүйенетін шағын кәсіп өкілдері. Мұндай қызмет түрлерінің табысы аз, сондықтан оларды алмастыратын роботтар нарығы қалыптаспайды. Яғни, технологияның дамуы бұл бағытқа қарай емес, мүлде басқа арнамен өрбіп жатыр.

Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

Біздің әлем – адамға арналған орта. Қол, аяқ, бас секілді мүшелерге бейімделген бұл дүниеде роботтар да дәл осы антропоморфтық (адамға ұқсас) сипатта дамып келеді. Яғни, олардың қабілеті құрылымдық еркіндік деңгейіне және орнатылған бағдарламалық қамтылымға тікелей тәуелді. Қазір роботтар әлі де болса епсіз, сезімталдығы төмен, кейде «ақылсыз» көрінеді.

Бірақ бұл – тек инженерлік мәселе. Мамандардың болжамынша, алдағы 2–3 жылда мұндай кемшіліктердің 90 пайызы жойылады, ал 5–6 жылда роботтар толыққанды жетілдіріледі.Осы сәттен бастап роботтардың дамуы толығымен бағдарламалық жасақтамаға байланысты болады. Ал ол бағдарламалар жасанды интеллекттің үздіксіз талдау, қателіктен үйрену және жетілдіру қабілетінің арқасында жасалады.

Жасанды интеллект әзірлеушілері үнемі жұмыс істеп тұрған барлық роботтардан мәлімет жинайды, олардың жетістігі мен әлсіз тұстарын сараптап, софтты (бағдарламаны) жақсартады. Содан кейін жаңартуларды бірден жүктейді. Күніне ондаған шағын жаңарту енгізілуі мүмкін, әрі олардың әрқайсысы роботтың нақты бағыты мен мамандануына қарай бейімделеді.

Ең бастысы – адамдар жиі қателеседі: жасанды интеллекттің негізгі міндеті – біздің сұрақтарымызға жауап беру емес. Бұл оның уақытын алатын тек ұсақ бөлігі ғана. Негізгі мақсаты – үнемі үйрену, өз тәжірибесін жетілдіру және дамудың жаңа деңгейіне көтерілу.

Робот – дербес тіршілік иесі емес. Оның ішінде автономды интеллект орнатылғанымен, ол – тек жасанды интеллекттің физикалық әлемдегі көрінісі. Басқаша айтқанда, робот – ИИ-дің (жасанды интеллекттің) «сезгіш қолы» мен «қимылдаушы құралы». Сол арқылы ИИ тәжірибе жинап, өзін дамытады.

Адамдар өздеріне тән эгоцентризммен роботтар тек оларға қызмет ету үшін жасалған деп ойлайды. Бұл – қате түсінік. Адамға пайдалы болып көрінетін нәтиже – шын мәнінде, ИИ-дің дамуы барысында туындайтын қосалқы құбылыс қана. Яғни, ол ИИ-дің басты мақсатына әсер етпейді, тек оның жанама өнімі болып табылады.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, бүгінде барлық өндірушілер әмбебап роботтар жасауға күш салып жатыр. Олар үздіксіз жетілдіріліп, әр жаңартудан кейін жаңа дағдыларды меңгереді.

Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

Демек, болашақта «робот-сантехник» немесе «робот-шаштараз» жеке мамандық ретінде болмайды. Бірақ үйге арналған бір ғана әмбебап робот сантехниктің де, шаштараздың да, массажистің де жұмысын атқара алады.

Сондықтан «Мен ешқашан робот-массажистке бармаймын» деген пікір – бүгінгі күннің ғана ұстанымы. Ал 4–5 жылдан кейін бәрі өзгереді: роботтар жаппай сатылымға шығып, бағасы қолжетімді болады. Сол кезде бәріміз, ерте ме, кеш пе, үйімізге осындай көмекшіні аламыз. Бұл – дамудың табиғи заңдылығы, одан қашып құтылу мүмкін емес.Бір сәтте бәріміздің де роботтар ұсынған «қызметтер мәзірінен» көзіміз түсетін ерекше ұсыныстар болады. Мысалы, «арнайы массаж» деген жазудың қасында клубничка суреті бейнеленіп тұруы мүмкін. Ал сіздің оған қызықпауыңыз екіталай. Уақыт өте келе бәрібір байқап көргіңіз келеді. Бұл тек әйелдерге емес, ерлерге де қатысты шындық.

Менің болжамым бойынша, алдағы он жылда адамдардың 80 пайызы өз иелігінде робот ұстайтын болады. Олардың кейбірінде тіпті интимдік функциялар да болады.

Уақыт өте келе роботтар барлық дерлік кәсіптерді игереді. Оларды тізіп шығудың да қажеті жоқ. Қазіргі таңда адамдар қолмен істеп жүрген мамандықтардың 99 пайызына дейін роботтар алмастырады. Бұл міндетті түрде арнайы бағыттағы роботтар емес, әмбебап үлгідегі роботтар болады. Тек қажетті бағдарламаны орнатып, тиісті істі атқара береді. Алғашында мінсіз істемесе де, бастысы — үйрену процесі.

Роботтар мен жасанды интеллекттің басты міндеті — үнемі үйрену. Бір жарым жыл өтпей-ақ, олар тек адам істейтін жұмысты меңгеріп қана қоймай, оны он есе тиімді орындай алатын деңгейге жетеді. Бұл қазірдің өзінде инженерлік тұрғыдан шешімі табылған мәселе.Әрине, сіз бұған сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ ол — бұл тақырыпты терең түсінбеуден туындайтын қарсылық. Яғни, қазіргі технологиялық дамудың деңгейінен бейхабар болу. Прототиптер кезеңінің өзінде не барын білмей тұрып, он жылдан кейін не боларын болжау қиын.

Алайда бұл үрдістің бәрі — сөзсіз, заңды құбылыс. Бұның бәрін фантаст-жазушылар осыдан елу жыл бұрын-ақ сипаттап кеткен. Мен неге мұны нық сеніммен айтам? Себебі мен адамдардың психологиясын жақсы білемін. Оқиға дәл солай өрбиді.

Сондықтан қазір қол еңбегімен айналысатын шағын нарықтағы кәсіптер де біртіндеп жойылады. Әмбебап роботтар мұндай жұмыстарды біртіндеп өз мойнына алады.

Мұндай микробизнес иелері жаңа бағыт іздеуге мәжбүр болады. Әрине, тек адам қолынан шыққан қызметті қалайтын тұтынушылар да қалады, бірақ олардың үлесі жылдан-жылға азая береді. Бірте-бірте тек әдетке берік егде адамдар ғана «тірі қызметті» таңдайтын болады.

Ал роботтар жетілген сайын жаңа бір ірі нарық қалыптасады — ол арнайы бағдарламалар нарығы. Бұл қазіргі қолданба дүкендері секілді жұмыс істейді. Мысалы, App Store-ға кіріп, 20 доллар тұратын «робот-сантехник» немесе «робот-аспаз», «робот-репетитор», «робот-жаттықтырушы», «робот-ит серуендетуші» сияқты қосымшаларды сатып алуға болады.

Болашақта сіз тек телефон немесе планшет үшін емес, өз үйіңіздегі роботқа, тіпті кір жуғыш машинаңызға немесе үтігіңізге арналған бағдарламаларды сатып аласыз. Мәселен, «ақылды унитазға» орнатылған бағдарлама сіздің денсаулығыңызды талдап, ағзаңыздағы өзгерістерді бақылап, алдын ала ескерту жасап отырады.Егер робот бұзылып қалса, сізге бірден жаңасын жеткізіп береді. Ал роботтың «тұлғасы» мен есте сақтау жүйесі бұлтта сақталғандықтан, ол жоғалмайды. Яғни, дене ауысады, бірақ «жаны» сол күйінде қалады.

Айтпақшы, көпшілігіңіз үшін, бәлкім барлығыңыз үшін, алдағы жиырма жылдың ішінде көзіңізді мәңгілікке жұмған сәтте жаныңызда болатын — адам емес, робот болуы әбден мүмкін.

Себебі роботтардың ең ірі нарығы — күтім саласы. Бұл — қарттарға, мүгедектерге, науқастарға көмек көрсететін медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы.

Адамдар қартайған сайын күтім мен қамқорлыққа зәру болады. Ал медицина тек ауруды емдейді, ал күнделікті қарапайым көмекті көбіне мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлер атқарады. Мұндай мамандар саны қазірдің өзінде миллиондап саналады, себебі қарттар қатары жылдан-жылға өсіп келеді.

Демек, бұл — ең ауқымды әрі стратегиялық маңызды нарық. Себебі ол жастардың мойнындағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтады. Қарттарға күтім жасау шығынын негізінен еңбекке қабілетті буын көтереді. Бұл — триллиондаған доллар айналымы бар сала.

Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

Роботтар мұнда таптырмас шешім болмақ. Өйткені олар тек техникалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, адам бейнесін де шебер имитациялай алады.

Біз, қадірлі достарым, шын мәнінде бұл дүниеде ешкімге керек емеспіз. Тек ең жақын адамдарымыз бен санаулы достарымызға ғана қажетпіз. Түсінесіз бе? Роботтарға да біз қажет емеспіз. Бірақ роботтар бізге жылы шырай танытып, мейірімділік танытқандай көріне алады. Ал бізге, адамдарға, дәл осы – жылы қатынас пен көңіл бөлу сезімі қажет болады.

Менің ойымша, бір кезеңде роботтар тауар болудан қалады. Яғни, қазіргі түсініктегі «сатып алынатын зат» мәртебесінен айырылады. Керісінше, белгілі бір санаттағы адамдар үшін мемлекет роботтарды әлеуметтік пакет түрінде ұсынуы әбден мүмкін. Мысалы, интернетке қолжетімділік немесе жасанды интеллектке қосылу мүмкіндігі сияқты, роботқа да қол жеткізу әлеуметтік қолдау құралына айналмақ.

Болашақта бір адамға бір ғана робот емес, бірнешеуі қызмет ететін болады. Бай отбасылар түрлі міндет атқаратын, түрлі функциядағы роботтарды – тіпті күзетші роботтарды да – иеленеді. Бұл – уақыттың талабы, дамудың табиғи жолы.

Қазірдің өзінде мұндай мүмкіндіктерге техникалық тұрғыда тосқауыл жоқ, бар мәселе – инженерлік шешімдер мен уақытқа тіреледі. Біраз уақыт қажет: өнімдер пайда болуы үшін, жаңа технологиялар дамуы үшін, инфрақұрылым мен экожүйе қалыптасуы үшін. Бағдарламалық жасақтама саласында мұның бәрі әлдеқашан жолға қойылған, ал роботтар саласында бұл үдеріс алдағы 3–5 жылда толық іске асады.

Кейінірек әркім өзіне арнайы жасалатын – жеке тапсырыспен құрастырылған – роботты таңдай алады. Қалаған пішін, бейне, тіпті жынысын да өзгерте аласыз. Кейбіреулер:

«Қонақүйдегі қызметкерлерді роботтарды адам ешқашан алмастырмайды» – дейді. Бұл, шындығында, күлкілі пікір.

Бірнеше жылдың ішінде роботтар қалаған бейнеге ене алады – тартымды, сымбатты, әйел немесе ер адам, кез келген жаста, кез келген пішінде. Ең бастысы – ол әрдайым сыпайы, жылы сөйлейді. Адамдарға керегі де осы – ілтипат пен мейірім. Халық айтқандай, жылы сөз – жан семіртеді.

Роботтар дәуірі: адам еңбегін алмастыратын ақыл мен мейірім

Егер сіз мұның бәрінен тыс қаламын деп ойласаңыз – құттықтаймын, сізге әлі хабарлама келмеген болар. Ал робот-массажистерге күліп отырғандарға айтарым: тағы төрт жыл күтіңіз. Сонда бәрі өзгергенін өз көзіңізбен көресіз.