Home Технологиялар Ғаламтор және желі Ресейде жасанды интеллект мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуге көмектеседі

Ресейде жасанды интеллект мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуге көмектеседі

32

Санкт-Петербург әкімдігінде жасанды интеллект негізіндегі нейрондық жүйені сынақтан өткізу басталды. Бұл жүйе мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуге арналған. Жобаны ITMO мамандары әзірлеген, әзірге ол тек жастар кадрлық резервін толықтыратын қатысушыларға қолданылады.

Смольныйдағы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – мемлекеттік қызмет саласында жасанды интеллектіні қолданудың алғашқы тәжірибесі. Бұған дейін 2023 жылы «Геннадий» атты робот ұқсас бағытта қолданылғанымен, ол көпшілік назарына ұсынылмаған. Қазір роботтың мүмкіндіктері едәуір кеңейіп, оған жасанды интеллект қабілеттері қосылған.

Жүйе алдымен үміткердің сауаланамасында көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді, биографиялық мәліметтерді салыстырады, қателерді анықтайды және қажетті ақпараттың жетіспейтінін көрсетеді. Қателер табылған жағдайда өтініш қайтадан үміткерге қайтарылады.

Ал егер нейрожелі қате таппаса, өтініш негізгі кандидаттар базасына жіберіліп, кадрлық мамандар тарапынан қайта тексеріледі.

Болашақта жүйе үміткерлердің мотивациясын талдауды және олардың алған білімдері туралы құжаттардың шынайылығын тексеруді үйренетін болады.