Home Электроника Ұялы телефон Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

10

Қазақстанда Redmi Note 13 смартфондарының үш нұсқасы ұсынылды: Redmi Note 13 Pro+ 5G, Redmi Note 13 Pro және негізгі үлгі – Redmi Note 13.

Жаңа модельдер заманауи дизайн мен озық техникалық шешімдерге ие болып, танымал флагмандарға біршама жақындады. Ең бастысы – бағасы қолжетімді деңгейде қалды.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Алматыда өткен таныстырылым есте қаларлықтай өтті. Қаладағы бірнеше орын бір мезетте сахнаға айналып, қонақтарға смартфонды күнделікті өмірдің түрлі жағдайында қолданудың төрт тәсілі көрсетілді.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі
Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі
Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Қонақтардың көңілін ерекше «робот-ит» көтерді. Ол түрлі қызық қимылдар жасап, көрермендердің сұрауы бойынша «қолын» ұсынып, қуаныш сыйлады.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Қорыта айтқанда, шара ерекше форматы арқасында көңілді, әсерлі әрі пайдалы ақпаратқа толы болды.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Redmi Note 13 Pro+ 5G смартфоны жаңа деңгейге шықты

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Смартфон бірнеше жаңартулардан өтті. Дисплей қисық пішімге ие болып, қалың шеттері жұқарды. Алғаш рет енгізілген Corning Gorilla Glass Victus шынысы смартфонның беріктігін арттырады. 6,67 дюймдік 1,5K AMOLED экран 1800 Нит жарықтыққа және 120 Гц жиілігіне ие. Көзді қорғау сертификаты (TÜV Rheinland), саусақ ізін тану сканері және стерео динамиктер де қосылған.

Енді құрылғы бұрынғыдан да берік әрі сенімді. Аналық платаның қалыңдығы артты, негізгі нүктелерде металл қаңқалар орнатылды, әр бұрышқа ішкі күшейту жасалып, құлаған жағдайда соққыны азайтатын көпқабатты амортизациялық жүйе енгізілді. Сонымен қатар құрылғы су, тамшылар және шаңнан қорғау стандарты IP68 бойынша жасалып, ылғалды ортада сенсордың дәлдігі жаңа мүмкіндік ретінде қосылды.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Redmi Note 13 Pro+ 5G смартфоны MediaTek Dimensity 7200-Ultra чипсетіне негізделген. Батареясы 5000 мАч көлемінде, ал 120 Вт қуатты өте жылдам адаптер смартфонды небәрі 20 минутта толық қуаттайды. Жад көлемі екі нұсқада ұсынылады: 12 ГБ / 512 ГБ және 8 ГБ / 256 ГБ.

Негізгі камерасы – 200 Мп (OIS) және ең жоғары сапада суретке түсіруге мүмкіндік береді. Кең бұрышты камера – 8 Мп, макрокамера – 2 Мп, ал алдыңғы селфи-камера – 16 Мп. Сонымен бірге жасанды интеллект смартфонның барлық мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектеседі.

Смартфон үш түсте ұсынылады: қара, күлгін және жасыл.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Redmi Note 13- қарапайымдылықты, сенімділікті және үнемділікті бағалайтын қолданушылар үшін ең қолайлы таңдау.

Бұл смартфон өз мүмкіндіктерімен таң қалдырады. 6,67 дюймдік FHD+ AMOLED экраны 1800 Нит жарықтыққа және 120 Гц жиілікке ие, сонымен қатар көзді қорғау функциясымен жабдықталған. Құрылғыда стерео динамиктер мен саусақ ізін тану сканері бар, ал су, тамшылар мен шаңнан қорғау стандарты – IP54.

Процессоры – Snapdragon 685, жад көлемі екі нұсқада: 8 ГБ / 128 ГБ және 8 ГБ / 156 ГБ. Батареясы 5000 мАч, ал 33 Вт қуатты жылдам қуаттау адаптері смартфонды қысқа уақытта толық зарядтайды.

Үштік камера жүйесі әр түрлі жағдайға арналған: негізгі камера – 108 Мп, 3 есе зуммен; кең бұрышты камера – 8 Мп; макрокамера – 2 Мп; ал алдыңғы селфи-камера – 16 Мп. Сонымен бірге суреттерді кәсіби деңгейде өңдеуге арналған құралдар жиынтығы бар.

Смартфонның корпусы көк, жасыл және классикалық қара түстерде қолжетімді.

Redmi Note 13 – қарапайымдылық пен сенімділіктің үйлесімі

Әр нұсқа өз алдына назар аударуға лайық. Барлығы әсем, сенімді, функционалды және ұзақ қызметке арналған. Заманауи оптика, жаңа буын технологиялары мен сапалы материалдардың үйлесімі сезіледі, ал бағасы қолжетімді.