Home Балаларға арналған Әрбір бесінші ата-ана баласының әлеуметтік желіде не жариялайтынын білмейді

Әрбір бесінші ата-ана баласының әлеуметтік желіде не жариялайтынын білмейді

40

Қазақстанда әрбір бесінші ата-ана (19%) баласының әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында қандай ақпарат барын білмейді. Сарапшылардың айтуынша, балалармен желідегі қауіпсіздік ережелерін талқылау маңызды, оның ішінде өздері туралы шамадан тыс ақпаратты жариялау қауіпі жайлы айту қажет.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі балаларының жеке әлеуметтік желіде парақшалары бар екенін, оны өздері жүргізетінін айтты (56%). Көптеген балалар әлеуметтік желіде парақшаларын мектепке дейінгі жастан бастап ашатыны анықталды: 4-6 жас аралығындағы әрбір жетінші баланың (14%) өз парақшасы бар. Балалар өскен сайын, олар әлеуметтік желілерді белсендірек қолдана бастайды. 7-11 жас аралығындағы балалардың жартысына жуығының (44%), 12-15 жастағылардың — 78%, ал 16-18 жастағылардың — 84% өз парақшалары бар.

Балаларының жарияланымдары туралы білетін ата-аналардың айтуынша, әрбір екінші баланың парақшасында жеке фотосуреттері бар (49%), ал кейбіреулерінде пәтердің ішкі көрінісі де көрінеді (9%). Әрбір төртінші баланың телефон нөмірі көрсетілген (24%).