Poly бренді бізге таныс болып көрінуінің себебі бар. Бұл атау – өз саласында жетекші болған екі компанияның бірігуінен туған.
Polycom – бейнеконференция жүйелерімен танымал компания, ал Plantronics – кәсіби компьютерге арналған аудиоқұрылғылар шығарумен айналысқан бренд. 2019 жылы олардың күш біріктіруі нәтижесінде Poly пайда болып, байланыс шешімдері нарығында көшбасшыға айналды.
Бүгінде Poly мен HP серіктестігі жаңа деңгейге көтеріліп, бірлескен жұмысты жеңілдететін инновациялық әрі жоғары технологиялық шешімдерді ұсынып келеді.

Неліктен «Poly»?
Poly сөзі «көп» деген мағынаны білдіреді. Бұл атау компанияның кең ауқымды байланыс шешімдерін ұсынатынын айқын көрсетеді. Poly – тек байланыс құралдары емес, бұл әртүрлі ортада адамдардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жан-жақты технологиялар жиынтығы.
Poly бүгінгі таңда не ұсынады?
1.Poly жұмыс кеңістігін заманауи технологиялармен жабдықтап, кеңсе мен қашықтан жұмыс істейтін топтарды байланыстыратын кәсіби шешімдер әзірлейді.
Сымды және сымсыз құлаққаптар – жоғары сапалы дыбыс беріп, бейнеконференциялар мен қоңырауларды ыңғайлы етуге арналған. Белсенді шу басу (ANC) технологиясы бар үлгілері шусыз ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

- Әртүрлі кеңістіктерге бейімделген бейнебайланыс құрылғылары мен бейнекамералар. Олар Zoom, Microsoft Teams, Google Meet сияқты танымал платформалармен оңай үйлеседі.

3.Кеңседе де, жолда да қолдануға болатын динамиктер мен микрофондар. Дыбысты сүзгілеу технологиясы арқасында дауысыңыз анық естіледі.

4. Құлаққапқа, бейнекамераларға және басқа да құрылғыларға арналған тіреуіштер, қуаттағыштар, қосымша жабдықтар.

Poly өнімдері жұмыс барысындағы дыбыс пен бейне сапасын жақсартып, адамдар арасындағы қашықтықты ұмыттыруға көмектеседі.
Poly логотипінің тарихы
Poly логотипінің пропеллерге ұқсайтындығы бекер емес. Бұл – компанияның авиациямен байланысын білдіретін символ. Себебі Plantronics өз жұмысын ұшқыштар мен авиадиспетчерлерге арналған гарнитура шығарудан бастаған еді.

1960-жылдары Plantronics NASA үшін сымсыз құлаққаптар жасаумен айналысты. Ғарышкерлер ғарыш айлағына ұшу кезінде, соның ішінде адамды Айға қондырған әйгілі Apollo миссиясында, Plantronics MS-50 үлгісіндегі құрылғыларды қолданды.
Ғарыш бағдарламасына арналған құлаққаптар сенімді ғана емес, жеңіл әрі ыңғайлы болуы қажет еді. Plantronics бұл талаптардың барлығына сай келгендіктен, өнімдері ғарыш кемесінде де, Айға қону кезінде де пайдаланылды.
Бұл оңай міндет емес еді. Себебі ғарыш кемесіндегі қатты шудың әсерінен байланыс сапасы төмендеуі мүмкін болатын. Осы мәселені шешу үшін Plantronics арнаулы технологияларды қолданып, бөгде дыбыстарды барынша азайтты.

Кейін Plantronics өнімдерінің сапасы жайлы аңыздар тарады. Тіпті кейбір радиоәуесқойлар ғарышкерлердің Айға ұшу кезіндегі әңгімесін ести алған деген пікір бар. Бұл – компания құрылғыларының 60 жылдан астам уақыт бұрын да алыс қашықтықтан тұрақты әрі сенімді байланыс орнатуға қабілетті болғанын көрсетеді. Осылайша, Plantronics жасаған технологиялар өз дәуіріндегі инженерлік жаңашылдықтың символына айналды.
2000-жылдардан бастап Plantronics Apple компаниясымен бірлесіп, мобильді телефондармен жұмыс істейтін құлаққаптарды шығарды. Олар әсіресе көлік жүргізушілеріне ыңғайлы құралға айналып, сымсыз технологиялардың кең таралуына жол ашты.
Plantronics тарихында тек авиация мен ғарыш саласы ғана емес, сән әлемі де өз орнын тапты.

2015 жылы Poly француз дизайнері Жан-Луи Дениомен бірлесіп, сән мен инновацияны біріктірген ерекше топтамасын ұсынды. Жоғары технологиялар мен әсем дизайн үйлесім тапқан бұл құрылғылар қарапайым құрал емес, мәртебелі аксессуар ретінде қабылданды. Ірі кәсіпкерлер мен ауқатты адамдарға арналған бұл эксклюзивті жинақ көп ұзамай сатылып кетті.
Poly бүгінде қандай жобалармен айналысады?
Poly дыбыс пен бейнебайланыс сапасын жақсарту үшін жасанды интеллектіні белсенді түрде пайдаланады. Компания бұл технологияларды енгізуде алғашқылардың бірі саналады. Мысалы, Poly Voyager гарнитураларында Adaptive Sound жүйесі қолданылды: AI айналадағы шуды анықтап, дыбысты барынша анық етіп бейімдейді.
Poly IT-мамандарға корпоративтік аудио және бейнеқұрылғыларды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін бұлтты платформаларды жетілдіруде. Компания виртуалды жиналыстар мен голографиялық технологияларды қолданатын жүйелерді әзірлеуге де ерекше назар аударады.

Poly компаниясының негізгі басымдықтарының бірі – өнімдерінің экологиялық тиімділігін арттыру. Бұл бағытта компания бірнеше маңызды қадамдар жасауда.
Poly құрылғыларын жасау барысында экологиялық таза материалдар қолданылады. Өнім құрамында қайта өңделген пластик пайдаланылады, ал өндірістік қалдықтар барынша азайтылады. Сонымен қатар, компания экологиялық қаптамалар қолданады:
- Қаптамалар қайта өңделген материалдардан жасалады.
- Қайта өңдеуге толықтай жарамды.
- Пайдаланылғаннан кейін табиғатқа зиян келтірмейді.
Poly өнімдерінің энергия тұтыну деңгейі төмен, бұл жалпы электр шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көміртек ізін азайтуға бағытталған шаралар іске асырылады. Олардың ішінде:
- Энергия үнемдейтін өндіріс технологиялары.
- Логистикалық процестерді оңтайландыру.
- Тасымалдау кезінде көмірқышқыл газын азайту.
Сондай-ақ, компания электрондық қалдықтардың көлемін қысқарту үшін ұзақмерзімді өнімдер жасауды көздейді. Сенімді және төзімді құрылғылар жабдықтарды жиі ауыстыру қажеттігін азайтады.
Poly экологиялық жауапкершілікті бизнес стратегиясының маңызды бөлігіне айналдырды. Инновация мен тұрақты даму қағидаларын ұштастыра отырып, экологиялық таза әрі ұзақмерзімді өнімдер ұсынуды жалғастырады.

Қорытынды
Poly өнімдері – сапа мен сенімділіктің белгісі. Олар кәсіби деңгейде жасалып, қарапайым әрі ыңғайлы пайдалануға арналған. Компания құрылғылары бүкіл әлемде кеңінен қолданылады және кез келген жұмыс кеңістігі үшін оңтайлы таңдау болып табылады.
Poly шешімдері кеңседе, үйде немесе жолда да тиімді байланыс орнатуға көмектеседі. Біздің мақсатымыз – жай ғана құрылғыларды байланыстыру емес, адамдар арасындағы шынайы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.Poly өнімдері кез келген ортада, кез келген уақытта және кез келген құрылғыда жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретініне өзіңіз көз жеткізе аласыз.