Home Электроника Камералар POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

49

Күн суық, қыс әлі де қайтар емес. Көктемді күтіп жүргенде, Қазақстанда сатылымға шыққан жаңа POCO X7 смартфонын сынақтан өткізіп көрейік. Бұл құрылғы бізге қандай жаңашылдықтар ұсынады? Ойын кезінде қалай жұмыс істейді? Камерасы қалай түсіреді? Тіпті, оны музейге апарып та сынап көреміз. Барлығын рет-ретімен қарастырайық.

Дизайн және эргономика

Алдымен смартфонды қаптамасынан шығарып көрейік. POCO компаниясы әлі күнге дейін қорғаныс қабатын, қабын, SIM-картаны алуға арналған құрал мен қуаттағышты бірге ұсынатыны қуантады. Көптеген флагмандық модельдер мұндай толық жиынтықтан әлдеқашан бас тартқан. Ал мұнда – сатып алушыға деген ерекше қамқорлық сезіледі.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Құрылғы өте әдемі. Жіңішке, ықшам, жұмырланған пішінді. Өлшемдері – 162.3 х 74.4 х 8.4 мм. Қарап тұрғанда, ерекше түстер бірден көз тартады!

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Маған тексеру үшін қара түсті, алтын жазулы, камералары алтын жиекпен көмкерілген үлгісі берілді. Бұл түстердің үйлесімі спорттық әрі сәнді көрінеді. Ал смартфонды жанынан қарағанда, қара мен сары түстің үйлесімі оның қалыңдығын көзге әлдеқайда жіңішке етіп көрсетеді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Беті күңгірт болғандықтан, саусақ іздері білінбейді, саусақ іздерін мүлде қалдырмайды әрі қолдан сырғып кетпейді. Сондықтан түсірілім кезінде қолыңнан түсіріп аламын деп алаңдамайсың.

Қазақстанда бұл модель үш түсте ұсынылады: сәнді күміс, классикалық қара және ерекше ашық жасыл. Смартфон корпусы мен жұқа жақтауы пластиктен жасалған.

Смартфон корпусы мен жіңішке жақтауы пластиктен жасалған. Ал төменгі бөлігінде екі нано-SIM картасына арналған слот бар. Функционалды элементтердің орналасуы – стандартты. Жалпы, басқару элементтерінің орналасуы интуитивті және үйреншікті.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Оң жақ қапталында дыбыс деңгейін реттейтін және құрылғыны өшіруге арналған батырмалары орналасқан.

Жоғарғы жақтауында әдеттегі функционалдық элементтермен қатар инфрақызыл порты да бар. Ал құлаққап ұяшығы бұл модельде қарастырылмаған.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Камера блогы артқы панельдің жоғарғы бөлігінде орналасқан және өте сәнді көрінеді. Төрт объектив те алтын түсті жиекпен көмкерілген, бұл смартфонға ерекше көрік береді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Құрылғының су мен шаңнан қорғанысы IP68 стандартына сай болғаны қуантады. Дегенмен, оны әдейі суға батырып, төзімділігін сынаудың қажеті жоқ.

Дисплей, дыбыс және камера

POCO X7 талғампаз модельдерді ұнататындар үшін жарайды. 6,67 дюймдік 3D-AMOLED экраны 1220 x 2712 пиксельдік ажыратымдылыққа және 120 Гц жаңарту жиілігіне ие. Жақтаулары өте жіңішке деп айтуға келмейді, бірақ экранның ерекше иілген пішіні олардың визуалды тұрғыда жіңішке әрі үйлесімді көрінуіне ықпал етеді.

POCO X7 әртүрлі жағдайларда тұрақты жұмыс істеуге жеткілікті деңгейде жақсы. Түстерді табиғи жеткізуі, қанық реңктері және кең көру бұрышы көзге жайлы әсер қалдырады. Экранның жарықтығы 1200 нит деңгейінде, бұл күнделікті қолдану үшін жеткілікті.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

POCO X7 экран жарықтығын ыңғайлы түрде реттеп, ұзақ қолданған кезде зиянды көк сәуледен қорғайды.

Экран Gorilla Glass Victus 2 шынысымен қапталған. Бұл – беттік қаттылығы жоғары, соққыға төзімді, смартфондарға арналған екінші буын қорғаныс әйнегі. Ол құрылғыны бетон немесе кедір-бұдырлы жерге түсіп кеткен жағдайда жақсы сақтауға көмектеседі. Дегенмен, бір метрден биік жерден түсіріп алмас үшін сақтық шараларын ұмытпаған жөн.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

POCO X7 екі динамикті стереожүйемен жабдықталған. Dolby Atmos технологиясының қолдауының арқасында дыбыс анық, қанық әрі кеңістікті сезінуге мүмкіндік береді.

Камералар және жасанды интеллект

POCO X7 үш негізгі камерамен жабдықталған. Жаңартылған 50 МП негізгі камерасы f/1.5 диафрагмасымен жарықты жақсы түсіреді. 8 МП ультра кең камерасы f/2.2 диафрагмасымен кең панорамалық түсірілімдер үшін қолайлы. Ал 2 МП макрообъективі f/2.4 диафрагмасымен жақын қашықтықтағы ұсақ детальдарды нақты түсіруге мүмкіндік береді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Алдыңғы селфи-камерасы 20 МП, f/2.2 диафрагмасымен жабдықталған.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Камераның мүмкіндіктерін сынау үшін музейге барып, түрлі жарық жағдайында суретке түсірдік.

POCO X7-нің ерекше дизайны оны заманауи өнер туындысының жарқын мысалы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, музейдің жарықтандыруы мен түрлі түсті гаммасы камералардың сапасын шынайы бағалауға жақсы мүмкіндік береді. Олар детальдарды қаншалықты айқын түсіре алады? Түстерді дұрыс жеткізе ме? Мұның бәріне тест барысында көз жеткіземіз.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Жасанды интеллект көмегімен жақсартылған портреттік түсірілімдер әсерлі шықты: фон сәл бұлыңғырланып, объект анық көрінеді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Жарықтандыру сапасына қарамастан, ұсақ бөлшектерді айқын көрсетуге қабілетті.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі
POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

20 есе зум жақсы жұмыс істейді, бірақ максималды үлкейту кезінде сурет сапасы аздап төмендеуі мүмкін.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі
POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Макрообъектив кішкентай детальдарды өте айқын түсіреді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Қосарлы тұрақтандыру технологиясы бейне түсірілімнің сапасын арттырып, кадрларды барынша тегіс және кәсіби деңгейге жақын етіп көрсетеді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Иә, камера жиынтығын флагмандық деп атау қиын, бірақ ол өз санатындағы смартфон үшін жеткілікті. Практикада бұл камералар сапалы фото мен видео түсіруге мүмкіндік береді – түстер қанық, бөлшектер анық, ал бейнелер табиғи көрінеді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Техникалық сипаттамалры,өнімділік пен автономдылық

POCO X7-нің аккумуляторы – 5110 мА/сағ. Бұл көрсеткіш көптеген флагмандардан жоғары. Құрылғыны пайдалану ұзақтығы қолдану режиміне байланысты бірнеше тәулікке дейін жетуі мүмкін. Егер смартфонды белсенді қолдансаңыз, қуаты бір күнге еркін жетеді. Ал үнемдеу режимінде ол бірнеше күн бойы қуаттамай-ақ жұмыс істей алады.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

POCO X7 телефонын 45W қуаттағыштың көмегімен оны толық қуаттау үшін шамамен 68 минут жеткілікті. Бірақ сымсыз қуаттау қарастырылмаған.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Өнімділік

POCO X7 сегіз ядролы Dimensity 7300 Ultra процессорымен жабдықталған. 4-нм технологиясы бойынша жасалған бұл чип өз класындағы ең үздіктердің бірі, өнімділік пен қуат тұтыну арасындағы тамаша тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Графикалық өңдеу, бейне өңдеу және ойын ойнау кезінде смартфон еш қиындықсыз жұмыс істейді. Инновациялық салқындату жүйесі, оның ішінде булану камерасындағы графитті пластина, құрылғының ауыр жүктемелер кезінде де тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, графикасы жоғары ойындарды ұзақ уақыт ойнағанда смартфон қызбайды.

Жедел жады – 12 ГБ, ал ішкі жады – 512 ГБ. Сондай-ақ, 8 ГБ жедел жады мен 256 ГБ ішкі жады бар нұсқасы да сатылымға шығуы мүмкін.

Құрылғының бағдарламалық платформасы – Android 14.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Бенчмарк нәтижелері:

POCO X7 AnTuTu тестінде 688 793 ұпай жинады, бұл оның өз санатындағы қуатты смартфон екенін көрсетеді.

POCO X7 – геймерлер үшін тартымды таңдау

Біріншіден, бұл смартфон жақсы салқындату жүйесімен жабдықталған. Ұзақ уақыт жүктемеде де қызуы қолайсыз деңгейге жетпейді. Екіншіден, сенсорлық басқару өте жылдам әрі дәл – экран жанасуға лезде жауап береді, тіпті саусақтар сәл ылғалды болса да. Үшіншіден, ойын барысындағы графика бірқалыпты, үзілістерсіз жұмыс істейді, бұл ойыншылар үшін маңызды фактор.

Жалпы қорытынды

POCO X7 көптеген қолданушыларға ұнайтын модель. Айта кету керек, біз базалық нұсқаны сынап көрдік. Оның стильді, заманауи дизайны өзіндік ерекшелікті көрсетуге мүмкіндік береді, ал классикалық түстерді ұнататындар үшін де таңдау бар.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Қуатты процессор мен жетілдірілген салқындату жүйесі – кез келген қолданушы үшін үлкен артықшылық. Мейлі ол жаңадан іс бастаған кәсіпкер болсын, студент болсын, видео түсіріп, өңдеумен әуестенетіндер немесе геймерлер болсын – бұл смартфон әркімнің қажеттілігін қанағаттандыра алады.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Бастапқыда қарапайым болып көрінетін камералар жиынтығы шын мәнінде сапалы фото мен видео түсіруге мүмкіндік береді.Ең бастысы – бағасы қолжетімді.

POCO X7 – сәнді дизайн мен жоғары өнімділіктің үйлесімі

Ал көктемде сыйлық жасайтын кезең келе жатқанын ескерсек, POCO X7 өзіңізге немесе жақындарыңызға тамаша тарту болуы мүмкін!