Home Робот пен дрондар,ЖИ Пентагон теңізге жасырын дрондар тобын аттандырмақ

Пентагон теңізге жасырын дрондар тобын аттандырмақ

10

Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштері автономды сүңгуір құрылғыларын әскери мақсатта қолдануға әзір. «Орка» деп аталатын бұл ірі суасты аппараттары 10 метрге дейін жетіп, өздігінен әрекет етеді. Олар Тынық мұхитының түбінде жаттығу жасап жатыр.

Теңіз флоты мұндай дрондардың жауынгерлік қабілетін сынап, түрлі әскери сценарийлерге бейімдеуді көздейді. Бұл құрылғылар – келешектегі қақтығыстарда қолданылуы ықтимал заманауи соғыс технологияларының қатарына жатады Су астында адамның көмегінсіз бағдар алып, қарсыластың кемелерін бақылап, мәлімет жинауға мүмкіндік береді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жобаға 100 миллион доллардан астам қаражат бөлінген. Қазірдің өзінде төрт «Орка» сүңгуір дроны Тынық мұхитында сынақтан өтіп жатыр. Әзірге олардың нақты қандай тапсырма орындайтыны құпия сақталуда.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай суасты құрылғылар болашақта әскери-теңіз күштерінің негізгі құралына айналуы мүмкін. Олар жаудың көзінше көрінбей жүзіп, қажет сәтте әрекет етуге қабілетті.

АҚШ тарапы бұл жобаны ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырып отыр. Автономды құрылғылар арқылы адам өміріне төнетін қауіп азайып, операциялар әлдеқайда тиімді әрі қауіпсіз болмақ.