Pelron компаниясы деректерді жоғары жылдамдықпен жеткізетін Thunderbolt 5 технологиясын қолданатын әлемдегі алғашқы графикалық док-станцияны шығарды. Жаңа құрылғы «Link S-3 »деп аталады және кәсіби мамандар мен геймерлерге арналған қуатты шешім ретінде ұсынылып отыр.
Link S-3 моделінің басты артықшылығы — секундына 80 гигабитке дейін мәлімет тасымалдайтын екі Thunderbolt 5 портының болуы. Оның бірі – 140 ваттық қуат беру, екіншісі – 30 ваттық қуат және DisplayPort 2.1 бейнешығару мүмкіндігін қамтиды.
Құрылғыға 180 миллиметрге дейінгі ATX және SFX пішіміндегі қуат көздерін орнатуға болады. Сондай-ақ мұнда PCIe 4.0×4 стандартына сай кеңейту ұяшығы, Realtek RTL8156B чипімен жұмыс істейтін 2.5 GbE интернет порты, 10 Гбит/с жылдамдықтағы USB-A порты, SD 4.0 карталарын оқу құрылғысы және M.2 2280 пішіміндегі SSD дискілерге арналған арнайы слот бар.
Док-станцияны іске қосу үшін аналық плата мен процессорға арналған қуат көздеріне қосылатын арнаулы сымдар қажет. Яғни құрылғы кәдімгі сыртқы қосымша емес, дербес компьютерлердің қуатына тең жүйе құраушы компонент ретінде қарастырылған.
Link S-3 моделі қазір алдын ала тапсырысқа қолжетімді, ал кең көлемді сатылым 26 шілдеде басталады. Бағасы – 220 АҚШ доллары шамасында.
Дереккөз: ithome