1980 жылы шыққан түпнұсқалық Pac-Man ойынында елестер жай ғана басты кейіпкердің ізіне түскен беймәлім жаулар емес еді. Шындығында, олар бірегей кейіпкерлер, әрқайсысы жеке интеллектке ие болған. Пинки, Блинки, Инки және Клайд атты төрт елес әртүрлі мінез-құлықпен бағдарламаланған. Нәтижесінде ,ойынның динамикасы мен қызығы артады. Әр елес өзіне тән стратегия бойынша әрекет етеді.
Блинки (қызыл елес) — тынымсыз қуғыншы. Ол әрдайым Pac-Man-ды қуып жетуге ұмтылады, және кейбір дәндерден кейін оның агрессиясы артады. Пинки (қызғылт елес) — тосқауыл қоюдың шебері. Тікелей қуып жетудің орнына, ол Pac-Man-ды алдын ала күтіп, одан бір қадам алда болуға тырысады.
Инки (көк елес) — мінез- құлқы мен келесі қадамын болжау қиын, іс-қимылы тұрақсыз елес. Ол жағдайға байланысты «қуып жету» немесе «аумалы-төкпелі серуендеу» стратегиясын таңдауы мүмкін — мінезінің бұл қыры Клайдқа ұқсас. Клайд (сары елес) — ең қарама-қайшы кейіпкер. Кейде ол Pac-Man-ды қуып, кейде енжарлық танытады. Бұл тұрақсыздық ойынды жандандыра түседі.
Ойындардағы жасанды интеллектке деген осындай көзқарас сол уақытта үлкен жаңалық болды. Ол экрандағы қарапайым пиксельдерден мінезі мен әрекеттері бар толыққанды кейіпкерлерді жасады. Бұл ойынды тек визуалды емес, сонымен қатар терең мағыналы әрі тартымды етті.