Home Кәсіби маман Қостанайда «Мобильді кино» атты өңірлік байқауы өз мәресіне жетті

Қостанайда «Мобильді кино» атты өңірлік байқауы өз мәресіне жетті

46

Байқауды Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Оған 8 автор қатысып, «XXI ғасырдағы қазақтар» және «Ұлтаралық келісім» тақырыптарына арналған видеожұмыстарын ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша, қазылар алқасы ұсынылған жобаларды бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Үшінші орынды Ануар Букабаев пен Расул Махмудов бөлісті.

Ануар Букабаев қазақтың ұлттық тағамы -бешбармақ туралы жан-жақты зерттеп,  әсерлі бейнематериал түсірсе, Расул Махмудов өз видеосында корей жастар қозғалысы мен оның ұлтаралық келісімді сақтаудағы рөліне тоқталған. Екі автордың жұмыстары да көпшіліктің көңілінен шықты.

Екінші орынға Дамир Бектурганов лайық деп танылды. Оның видеосы – Қазақстанның көрікті жерлеріне достарымен жасаған саяхаттарын баяндайтын музыкалық туынды. Айта кету керек, видеодағы ән арнайы осы байқау үшін жазылған.

Мұндай байқаулар ұлтаралық келісімді нығайту мен мәдениетімізді насихаттау тұрғысынан үлкен маңыздылыққа ие.

Қостанайда «Мобильді кино» атты өңірлік байқауы өз мәресіне жетті

Екінші және үшінші орын бойынша қазылар арасында қызу пікірталас туындаса,ал бірінші орынға қатысты шешім жедел әрі біржақты қабылданды. Байқаудың бас жүлдесін Аян Қонақбаев жеңіп алды. Оның жұмысы тақырыптың тереңдігімен ерекшеленді: ұлттар арасындағы бірлік пен келісім, қазақтың қонақжай киіз үйінің астында достық, ұрпақтар арасындағы жылы әңгімелер мен дастархан басында түрлі этнос өкілдерінің бас қосуы бейнеленген.

Автордың айтуынша, бұл оның алғашқы жұмысы екен. Бұған дейін осындай ауқымды жобаларды телефонмен түсірмегенін айтты.

Қостанайда «Мобильді кино» атты өңірлік байқауы өз мәресіне жетті

Жоба финалистері ақшалай сыйлықтарға ие болды, ал қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысы «Ассамблея жастары» арқылы жүзеге асырылды. Алдағы уақытта да жоба жалғасын таппақ,оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай келер жылы да өткізу көзделуде.