Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Қоғамдық тәртіпті қадағалайтын камералар саны артуда

Қоғамдық тәртіпті қадағалайтын камералар саны артуда

10

Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Бұл жөнінде облыс әкімдігі хабарлады.

Қазірдің өзінде өңірдің 10 елді мекенінде 2 422 бейнекамера, 94 бағдарламалық кешен және 45 нөмір тану құрылғысы жұмыс істеп тұр. Жиналған деректер құқық қорғау органдары пайдаланатын «Қорғау» жүйесіне тікелей түседі.

Ақтөбе қаласының өзінде 190 «ақылды» камера орнатылған. Бұл құрылғылар тек мемлекеттік емес, шетелдік нөмірлерді де анықтап, көлік бағытын қадағалайды және тыйым салынған аймақтарға рұқсатсыз кірген жағдайларды тіркейді.

Сондай-ақ, олар адамдардың көп шоғырланған жерлерін анықтап, жаяу жүргіншілер мен көліктердің санын есептейді. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастағандарды да осы камералар арқылы анықтауға болады. Жүйе адамның жүзін танып, қажет жағдайда полицияға шұғыл мәлімет береді.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 300 «ақылды» камера орнату жоспарланып отыр. Бұл шешім қаладағы тәртіп пен тазалықты бақылауды күшейтіп, кез келген оқыс жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.