Алматыда IT, цифрлық технологиялар және бизнес көшбасшыларына арналған ауқымды No-Code Day конференциясы өтті. Бұл шара компаниялардың негізгі бизнес-мақсаттарын шешуге көмектесетін заманауи технологиялық инновацияларға арналды. Конференцияның басты тақырыбы – no-code технологияларын пайдаланып, инновациялық бизнес-шешімдер жасау. Іс-шараның ұйымдастырушысы – бизнес-процестерді автоматтандыру мен CRM жүйелеріне арналған AI-native no-code платформасын әзірлеуші Creatio компаниясы.
No-Code Day Almaty – no-code технологиялары мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы бизнес-процестерді автоматтандыруға қызығушылық танытатын мамандар үшін маңызды шара. Конференция қатысушылары цифрлық трансформациядағы жаңа тәсілдермен танысып, автоматтандыру трендтері жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, no-code технологияларын қолданудың болашағын зерттеп, өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара инновация мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандар қауымдастығының кеңеюіне және нығаюына да ықпал етті.
Конференция бағдарламасында бизнес-үдерістерді оңтайландыру мен автоматтандыруға бағытталған технологиялық инновацияларға арналған баяндамалар мен тәжірибелік сессиялар болды. Әсіресе, бағдарламалаушылар емес, маркетологтар, дизайнерлер, бизнес-сарапшалар сияқты сала мамандарына арналған no-code платформаларына ерекше назар аударылды. Мамандар no-code технологияларының аймақтық және жаһандық деңгейде компаниялардың дамуындағы стратегиялық рөлі туралы айтып, Creatio платформасының жаңа мүмкіндіктері мен даму жоспарларымен бөлісті.
Creatio өнімдері икемділігі, оңай бапталуы және дайын шешімдердің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Creatio-ның аймақтық сату директоры Абзал Аширбаев компания өнімдерінің No-code, Low-code, BPM және CRM нарығында жетекші орын алатынын атап өтті. Ол Gartner және Forrester аналитикалық агенттіктерінің жоғары бағалары мен пайдаланушылардың оң пікірлерін ерекше атап өтіп: “Біздің ең басты құндылығымыз – клиенттер мен серіктестерге деген шынайы қамқорлық” – деп,пайымдады.
Creatio шешімдерін қолданудың тағы бір мысалы ретінде ARMEA компаниясының кеңес беру жөніндегі директоры Александр Петруненко CRM платформасының маркетинг, сату және қызмет көрсету үдерістерін автоматтандырудағы рөлін түсіндірді. Ол no-code құралдарының көмегімен бұл процестерді икемді түрде баптап, жасанды интеллектіні толыққанды қолдануға болатынын атап өтті.

Creatio компаниясының customer success директоры Максим Сиданичтің айтуынша, білімінің немесе тәжірибесінің қандай екеніне қарамастан кез келген адам no-code әзірлеуші бола алады. Бұл үшін арнайы бағдарламалау дағдылары қажет емес. No-code әзірлеушілер түрлі мақсаттағы және күрделіліктегі цифрлық өнімдерді код жазбай-ақ жасай алады. Ол үшін интуитивті әрі қарапайым визуалды интерфейсі бар платформалар пайдаланылады.
Мұндай кәсіпті меңгеру үшін арнайы курстардан өтуге немесе no-code бағдарламаларын өз бетінше оқып-үйренуге болады. Себебі көптеген жұмыс берушілер үшін жоғары білімнің болуы басты талап емес. Бұл тәсіл кәсіби әзірлеушілерге де, техникалық білімі жоқ адамдарға да ыңғайлы интерфейс арқылы қосымшалар жасап, бизнес үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, әзірлеуге жұмсалатын шығындар қысқарып, жаңа шешімдерді іске қосу жылдамдап, бизнес талаптарына жедел бейімделу мүмкіндігі артады.
Максим Сиданич компания үшін no-code әзірлеушілерді дайындаудың маңыздылығын атап өтті. Ол шараға қатысушыларды өз ұйымдарында мұндай мамандарды даярлауға шақырды. “Біз алдағы 5 жылда no-code құралдарын меңгерген мамандардың көбейетініне сенеміз. Әр компанияның өз ішінде осындай мамандардан құралған сарапшылар орталығы болуы керек. Бұл бөлім 1-2 адамнан тұрса да жеткілікті. Біз сіздердің сарапшылар орталықтарыңызды дамыту үшін бар күшіміз бен ресурстарымызды жұмсауға дайынбыз. Бұл – бізді бәсекелестерден ерекшелендіретін басты артықшылығымыз”, – деді ол.
Creatio компаниясының APMEA өңіріндегі бас директоры Алексей Клочков пен Шығыс Еуропадағы сату директоры Андрей Бахметов өз баяндамаларында AI және Generative AI технологияларының болашаққа әсерін талқылады.
Отбасы банк басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова Creatio платформасымен серіктестіктің банк қызметіне үлкен тиімділік әкелгенін атап өтті. “2024 жылы банк операцияларының 78%-ы қашықтан жүзеге асырылды. Біз клиенттерімізге барынша ыңғайлы және жылдам қызмет көрсетуге ұмтыламыз. Байланыс орталығының операторлары Creatio негізінде жұмыс істейді, бұл біз үшін үлкен жетістік. Себебі, ол клиенттерге нақты уақытта қолдау көрсетуге мүмкіндік береді”, – деді Ляззат Ибрагимова.
Beeline KZ компаниясының коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимовтың айтуынша, Creatio платформасы компаниядағы 525 бизнес-процесті автоматтандыруға мүмкіндік берген. “Creatio-ны енгізгеннен кейін қызметтік жазбалар бойынша келісу уақыты 10 күннен 2 күнге қысқарды. Сондай-ақ, олардың саны 10 есе азайды. Бұрын тендерлік өтінімдер төрт сағат бойы қарастырылса, қазір бар болғаны бірнеше минут кетеді”, – деді Қабдрахимов.
Altel / Tele2 компаниясының коммерциялық директорының орынбасары Айман Сарымбетованың айтуынша, Creatio B2B сатылым бөлімінің жұмысын жеңілдетуге көмектескен. “Біз жүйені сыртқы дерекқорлармен, SMS орталықтармен, тарату базаларымен, домендік қызметтермен, ішкі және сыртқы платформалармен біріктірдік. Коммерциялық ұсыныстар, келісімшарттар мен төлем шоттары автоматтандырылды. CRM жүйесінде 135 000 құжат сақталатын мұрағат құрылды. Осылайша, сату командасындағы күнделікті жұмыс жеңілдеп, артық жүктеме азайды”, – деді Сарымбетова.
Creatio платформасы Astana Motors компаниясында да кеңінен қолданылады. Компанияда 60 000 бизнес-процесс автоматтандырылып, HR қызметі, құжат айналымы, сервистік қызмет көрсету және клиенттермен жұмыс бірыңғай жүйеге біріктірілген. Жыл сайын 220 000-нан астам келісімшарт өңделеді, ал күрделі келісімдерді бекіту уақыты 2–3 күнге дейін қысқарған.

Creatio платформасы бизнес үшін сенімді технологиялық негізге айналып, клиенттер, жеткізушілер, қызметкерлер және көлік құралдары туралы барлық деректерді біріктірді. Бұл жүйе тек әртүрлі бөлімдердің жұмысын автоматтандырып қана қоймай, олардың арасындағы процестерді бір цифрлық ортаға топтастырды. Нәтижесінде, қызмет көрсету сапасы едәуір жақсарып, клиенттермен өзара әрекеттесу толықтай автоматтандырылды.
Бұл шараның ұйымдастырушысы – Creatio, no-code технологиясына негізделген CRM және бизнес-процестерді автоматтандыру платформасы. Компания көлемі мен қызмет саласына қарамастан, кез келген ұйымның жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Бүгінде Creatio әлемнің 100-ден астам елінде мыңдаған клиентке қызмет көрсетіп, күн сайын миллиондаған бизнес-процестердің іске қосылуын қамтамасыз етеді. Платформаны пайдаланушылар арасында Astana Motors, Beeline KZ, Отбасы банк сынды отандық компаниялармен қатар, AMD, Bayer, Kraft Heinz, Visteon, Société Générale Group, BNP Paribas Group тәрізді халықаралық корпорациялар бар.