Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Neo Nomad Visa: жаңа мүмкіндіктер мен талаптар

Neo Nomad Visa: жаңа мүмкіндіктер мен талаптар

60

Neo Nomad Visa – шетелдік туристерге Қазақстанда жұмыс істеп, саяхаттай алу мүмкіндігі. Бұл виза иелеріне өздерінің шетелдегі жұмысын қашықтан атқара отырып, Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Жаңа виза түрін В12-1 алу үшін шетелде Қазақстанның елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

✅ Егер шетел азаматтары жұмысын Қазақстанда саяхаттауымен үйлестіруге ниетті болса, олар Neo Nomad Visa алу үшін өтініш бере алады. Өтініш беру үшін қажетті құжаттар келесідей:

☑️ Соңғы 6 айдағы банктік есептеме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екендігін растайтын құжат

☑️ Азаматтық елден берілген салық декларациясы

☑️ Азаматтық ел немесе тұрақты тұратын ел органынан алынған қылмыстық жазасының жоқтығы туралы анықтама.

☑️ Виза мерзімі бойы медициналық сақтандыру

☑️ Қазақстандағы туристік компанияның шақыруты (48 елдің азаматтарына шақырту қажет емес)

🔷 Neo Nomad Visa алу процесі 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза 1 жылға беріледі, әрі оның мерзімін ұзарту қарастырылған. Сонымен қатар, негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.

🔺 Маңызды: Бұл виза түрі Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. ҚР Салық кодексінің 216-бабына сәйкес, Neo Nomad Visa иелерінің табысы өзге елден болғандықтан, Қазақстанда салық төлеуге міндеттелмейді.

📑 Neo Nomad Visa және шақыртуы қажет болмайтын 48 ел туралы толық ақпаратты консулдық мекемелерден алуға болады.