Дата-орталықтардың ЖИ жүйесіне жұмсаған энергия көзі қауіпті деңгейге жетіп отыр. The Washington Post басылымы Калифорния университетінің зерттеушісі Шаолея Реннен жағдайжайлы пікір білдіруін сұрады. Оның есептеулері бойынша, ChatGPT-ке 100 сөзден тұратын қарапайым хат жазу үшін жүйені салқындату үшін бір бөтелке су мен 14 жарықдиодты шамның бір сағаттық электр қуатын қажет етеді.
Дата-орталықтар жұмыс істегенде көп жылу шығарады, сондықтан оларды салқындату үшін қажетті мөлшерде су немесе ауа баптағыштар үшін электр қуаты қажет. Егер АҚШ-та10 американдықтың 1-і аптасына бір рет ChatGPT-ті қолданса, бұл жылына 435 мың тонна су мен 121 517 МВт⋅сағ электр энергиясын жұмсайды. Бұл тек бір ел үшін; әлем бойынша шығындар көлемі өте күрделі болмақ.
Аталмыш мәселе күннен-күнге шиеленісіп барады. Нейрожасушалардың алгоритмдері тиімді емес және күрделі есептеу қуатын талап етеді. Ал бұл қуатты үнемі арттыру керек. Осыдан туындайтын сұрақ: ЖИ жүйелерінің жұмыс шығындары олардың пайдасынан қашан артпақ ?