Home Кибербезопасность Назар аударыңы! Android жүйесіндегі әрбір төртінші қосымшада осалдық табылған

Назар аударыңы! Android жүйесіндегі әрбір төртінші қосымшада осалдық табылған

43

Android операциялық жүйесіндегі әрбір төртінші қосымшада қауіптілік анықталды. Бұл мәселе Jetpack кітапханасымен байланысты. Jetpack — Google компаниясының мобильді қосымшаларын әзірлеуге арналған құралдар жиынтығы. Ол бағдарламалардың интерфейсін құруды жеңілдетеді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, көптеген бағдарлама әзірлеушілері қосымшаның осалдықтарын байқамай, пайдаланушыларға ұсынады. Бұл, өз кезегінде, миллиондаған адамның жеке деректеріне қауіп төндіреді. Қаскүнемдер бағдарлама кемшілігін  пайдалана отырып, қосымшалардың ішкі құрылымдарына қол жеткізіп, қолданушылардың жеке ақпаратына қол жеткізеді. Сондай-ақ, тыңшылық жүргізуге, камераларды қашықтан қосуға мүмкіндік алады.

Мұндай қауіптің алдын алу үшін қосымшаның әрекеттерін мұқият бақылап отыру қажет. Мысалы, қосымша өздігінен іске қосылып кетпеуі керек, ал экранның интерфейсі еш өзгеріссіз қалу керек. Қосымшаларды тек сенімді ғаламтор желілерінен жүктеп алу да маңызды. Сонымен қатар, екі факторлы аутентификация— пайдаланушылар үшін қосымша қорғаныс емес қана, құпиялылықты сақтаудың маңызды құралы.

Google компаниясы Jetpack кітапханасының жаңартылған нұсқасын 2023 жылдың қыркүйек айында ғана шығарды. Сондықтан бағдарлама әзірлеушілеріне тек осы жаңартылған нұсқаны пайдалану ұсынылады.