POCO жаңа өнімдерінің онлайн таныстырылымы 9 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 17:00-де өтеді. Бұл таныстырылымға барлығы қатыса алады. Тікелей эфирге қатысу арқылы Қазақстанда сатылымға шықпай тұрып жаңа POCO X7 смартфонын ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз.
POCO — жас техноәуесқойлар арасында кеңінен танымал бренд. Компания POCO X7 сериясын әлемдік деңгейде таныстыруды жоспарлап отыр. Бұл смартфондар – жоғары өнімділігімен, орташа баға сегментінде ерекше орнын алатын құрылғылар.
POCO X7 смартфонын Қазақстанда ең алғаш иелену үшін:
- Instagram-да POCO X7 онлайн таныстырылымын қарағаныңызды көрсететін фото немесе видео жариялаңыз. @poco.kazakhstan парақшасын белгілеуді ұмытпаңыз.
- Егер әлі жазылмаған болсаңыз, @poco.kazakhstan Instagram парақшасына жазылып, конкурс аяқталғанша өз парақшаңызды ашық ұстаңыз.
- Конкурс постының астына екі досыңызды белгілеп, оларды қатысуға шақырыңыз.
Қазақстанның тұрғындары жаңа ұялы телефондардың таныстырылымын POCO Қазақстанның ресми парақшасынан көре алады.
МАҢЫЗДЫ: Конкурсқа тек КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛҒАН Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады. 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер тек заңды өкілдерінің келісімімен ғана қатыса алады.
«Жылдамдықты барынша арттыру» ұраны компанияның пайдаланушыларға жоғары өнімді құрылғылар ұсынуға бағытталған мақсатын білдіреді. POCO X7 Pro смартфонының негізі — Dimensity 8400-Ultra флагмандық процессоры, X сериясындағы ең қуатты чипсет. AnTuTu тестілеу жүйесінде смартфон 1,7 миллионнан астам ұпай жинады. Бұл POCO X7 Pro смартфонының ресурстарды көп қажет ететін тапсырмалармен жұмыс істей алады. Сонымен қатар, екі модель де камераларының айтарлықтай жаңартылуымен ерекшеленеді. Мобильді түсірілім әуесқойлары үшін бұл үлкен жаңалық болары сөзсіз. Толық сипаттамаларды компания таныстырылым кезінде жариялайды.