Home Технологиялар Ғаламтор және желі Мобильді тарифтерге қатысты даудың түйіні: министрлік не дейді?

Мобильді тарифтерге қатысты даудың түйіні: министрлік не дейді?

64

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек министрлік мобильді операторлар орнатқан тариф бағасына тікелей әсер ете алмайтынын мәлімдейді,деп хабарлайды digitalbusiness.kz

2017 жылы кәсіпкерлік кодексі қабылданғаннан бастап, мемлекет телекоммуникация саласындағы баға қалыптастыруға әсер ету құралдарын жоғалтты.

«Біз операторлармен тек келіссөздер жүргізе аламыз. Өткен жылдың соңында халықтың көңілінен шығу үшін тарифтерді уақытша тоқтату туралы келісімге келдік. Шынында да, бағалар көтерілмеді. Бірақ жаңа жылдан кейін операторлар тарифтерді қайта қарау процесін бастайды», – деп атап өтті Оразбек.

 Министрлік қоғамдағы тариф бағаларының өсуіне қатысты алаңдаушылықты түсінеді. Қазіргі уақытта бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен тарифтердің қымбаттау себебін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, тарифтердің артуы картельдік келісімдердің нәтижесі болуы мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

«Агенттікке барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайынбыз, бірақ операторларға тікелей әсер ете алмаймыз»- деп, пікірін қосты министр

Асхат Оразбек сондай-ақ кәсіпкерлік кодекстің байланыс саласындағы заңнан жоғары екендігін атап өтіп қана қоймай, оның Цифрлық даму министрлігінің өкілеттіктерін шектейтінін айтты.