Home Кәсіби маман Аналитика Мамандар 2024 жылғы Күн дауылдарына жан-жақты зертеу жүргізді

Мамандар 2024 жылғы Күн дауылдарына жан-жақты зертеу жүргізді

32

2024 жылдың мамырында Күннің атқылаулары Жердегі соңғы 20 жылдағы ең ірі геомагнитті дауылды туғызды. 2003 жылғы Күннің жарылыстарынан кейінгі ең үлкен дауыл 10-13 мамыр аралығында болды. Осы уақытта полярлық жарықтар Африка жағалауындағы Канар аралдарынан, АҚШ-тың Флорида-Кисінен және Мексиканың Юкатан түбегінен бастап, оңтүстік жартышарда Австралияның Квинсленд, Намибия және Бразилияның оңтүстігінде байқалды.

Зерттеушілер бұл оқиғалардың Күн мен ғаламшар арасында болып жатқан атқылаулардың шығу тегін анықтап, спутниктер мен Жердегі бақылауларды біріктіре отырып, «мінсіз дауыл» гипотезасын одан әрі растады. Пекиндегі Қытай ғылым академиясының зерттеушісі Ин Лю келесідей тұжырым жасады:

 «2024 жылғы мамыр айында болған дауыл массалық шығарындылардың жиналу нәтижесінде пайда болды. Бұл, негізінен, ерекше жағдайлардың үйлесімі, яғни «мінсз дауыл»», — деді.

Соңғы бірнеше айда 25-ші Күн циклі өзінің шыңына жеткені байқалады. Бұл кезең 2014 жылдың басындағы 24-ші кезеңмен салыстырғанда күштірек, бірақ 1970 жылдан бері байқалған басқа белсенділік шыңдарына қарағанда әлсіздеу.

Массалық шығарындылар Жерді қоршаған магниттік аймаққа жеткенде, геомагнитті дауылдарды туғызады. Бұл дауылдар электр желілеріне зиян тигізіп, ионосфераға әсер етіп, радио және хабар тарату жабдықтарына теріс ықпал етуі мүмкін. Ең күшті геомагнитті дауылдардың бірі – 1859 жылғы Кэррингтон оқиғасы. Бұл оқиға телеграф жүйелерінің электр қуатынсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, телеграф бекеттерінде өрт тудырды.

Геомагнитті дауылдардың қарқындылығын өлшеудің бір тәсілі-  Dst индексі. Бұл Күн протондары мен электрондары туғызған Жер айналасындағы сақиналық токтың күшін өлшейді. Dst Жердің магниттік өрісінің қаншалықты әлсірегенін теріс санмен көрсетеді. 2024 жылғы мамырдағы геомагнитті дауылдың Dst көрсеткіші -412 нТл (нанотесла) болды. Салыстыру үшін, Жер бетіндегі магниттік өріс шамамен 45 000 нТл. 2023 жылғы «Хэллоуин» дауылының Dst көрсеткіші -401 нТл, ал Кэррингтон оқиғасының Dst көрсеткіші шамамен -850 нТл деп бағаланды.

«Нәтижелер айрықша  жағдайлардың жиі болатынын көрсетеді. Күн күшті дауылдардың табиғаты мен жиілігі барынша дәл болжау үшін қолданылатын модельдер мен әдістерді сынақтан өткізеді. Бұл сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан төтенше ғарыш ауа райына дайын болу қажеттілігіне алаңдаушылық тудырады», — деп атап өтті Лю.

Бұл зерттеу Күн белсенділігін және оның Жерге әсерін түсіну үшін маңызды. Геомагнитті дауылдар инфрақұрылымымызға, соның ішінде электр желілеріне, байланыс жүйелеріне және бағыт беру технологияларына ауыр әсер етуі мүмкін. Мұндай дауылдарға әкелетін механизмдерді түсіну болашақта ұқсас оқиғаларға дайындалуға көмектесіп, олардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.