Home Технологиялар Ғаламтор және желі Магнус Карлсен ChatGPT-мен шахмат ойнап жасанды интеллектті жеңді

Магнус Карлсен ChatGPT-мен шахмат ойнап жасанды интеллектті жеңді

12

Әйгілі норвег шахматшысы Магнус Карлсен сапар кезінде ішінің пысқанын айтып, уақытты бос өткізбей, ChatGPT-мен онлайн шахмат ойнауды ұйғарған. Бұл қызықты сәт туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті,- деп хабарлайды Kazinform.

Партия небәрі 53 жүріспен аяқталып, Карлсен бірде-бір тасынан айырылмай, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Ойын соңында гроссмейстер ChatGPT-ден өз деңгейіне баға беруін сұрайды. Алайда жасанды интеллект оны бар болғаны 1800–2000 рейтингі бар ойыншы ретінде бағалаған. Бұл – тек әуесқой деңгей.

Ал шын мәнінде, Карлсеннің FIDE рейтингіндегі көрсеткіші — 2839 ұпай. Бұл оны шахмат тарихындағы ең мықты ойыншылардың біріне айналдырып отыр.

Нейрожелінің жаңсақ бағасы шахмат жанкүйерлері мен интернет қолданушылары арасында күлкіге себеп болды. Көпшілік жасанды интеллекттің әлі де адам мүмкіндігін дұрыс бағалай алмайтынын айтып, жағдайға жеңіл әзілмен қарады.

Айта кетейік, Магнус Карлсен — шахматтан бес дүркін әлем чемпионы. ChatGPT-мен өткен бұл кездесу – жасанды интеллекттің мүмкіндіктері кеңейіп жатса да, шынайы шеберлікті саралау әлі де оңай еместігін көрсетті.