Originality AI – ғаламторда жасанды интеллектіні анықтауға бағытталған стартап. Компания өз жүйесін адамның жазған мәтіндері мен жасанды интеллект көмегімен жазылған мақалаларды ажырата алатындай етіп жаттықтырады. Originality AI өкілдерінің айтуынша, соңғы кезде мәтіндердің корпоративті стильде жазылғанын немесе роботтың өнімі екенін анықтау өте қиынға айналған.
Originality компаниясы 2018 жылдан 2024 жылға дейін LinkedIn желісінде жарияланған 8795 жазбаны талдап, қызықты нәтижелерге қол жеткізді. Алғашқы жылдары жасанды интеллект құралдарын пайдаланып жазылған мәтіндер өте аз болған. Алайда 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш күрт артты.
«Бұл өзгеріс ChatGPT шыққаннан кейін болды», – деп түсіндіреді Originality компаниясының бас директоры Джон Гиллхэм.
Оның айтуынша, содан бері жасанды интеллектімен жазылған жазбалардың саны 189% өскен. Бірақ, қазіргі таңда бұл көрсеткіш азайған. Себебі, көптеген адамдар мәтіндерін жарияламас бұрын өңдеу және түзету жұмыстарын жиі қолдана бастады. Бұл өз кезегінде жасанды интеллектіні анықтайтын іздеу жүйелері үшін күрделілікті арттырды.