Home Технологиялар Ғаламтор және желі Әлемде ең жылдам және ең баяу интернет қай елдерде? Қазақстан қай орында?

Әлемде ең жылдам және ең баяу интернет қай елдерде? Қазақстан қай орында?

12

Британдық Cable.co.uk сайты әлем елдеріндегі кең жолақты интернеттің орташа жылдамдығын көрсететін интерактивті картаны ұсынды. Бұл карта арқылы Қазақстандағы интернет сапасы нақты қай деңгейде екенін көруге болады.

Қай өңірлер көш бастап тұр?

Ірі өңірлер бойынша ең сапалы интернетті ұсынатын аймақтар:

Батыс Еуропа

Солтүстік Америка

Балтық елдері

Ал интернет сапасы бойынша артта қалғандар:

Африка

Орталық және Оңтүстік Америка

Таяу Шығыс

ТМД елдері

Ең жылдам интернет қай елдерде?

Әлем бойынша интернеті ең жылдам алғашқы бестікке кірген елдер мен аумақтар:

  1. Джерси аралы – 264,52 Мбит/с
  2. Лихтенштейн – 246,76 Мбит/с
  3. Макао – 231,40 Мбит/с
  4. Исландия – 229,35 Мбит/с
  5. Гибралтар – 206,27 Мбит/с

Макаодан басқа үздік бестікке енген елдердің төртеуі Батыс Еуропада орналасқан. Олардың бәрі — аумағы шағын не арал мемлекеттер. Мұндай жерлерде FTTP секілді талшықты-оптикалық интернет пен 5G байланысын енгізу анағұрлым жеңіл: халқы аз, аумағы ықшам.

Әлемде ең жылдам және ең баяу интернет қай елдерде? Қазақстан қай орында?

Сурет: Original version by MaCRoEco, updated to a new definition by Izzedine.

Жаңа мәліметтерге сәйкес, Батыс Еуропаның барлық 28 мемлекеті рейтингтің жоғарғы сатысынан орын алған. Олардың сегізі үздік ондыққа енген. Бұл аймақтағы орташа интернет жылдамдығы – 118,69 Мбит/сек.

Батыс Еуропа елдерінің ішінде ең баяу интернет тіркелген үш мемлекет:

Фарер аралдары – 41,97 Мбит/сек (әлем бойынша 92-орын),

Дания – 49,98 Мбит/сек (71-орын),

Австрия – 55,82 Мбит/сек (67-орын).

Еуропа бойынша ең төменгі интернет жылдамдығы тіркелген елдер: Албания, Хорватия және Түркия. Бұл мемлекеттерде көрсеткіш 30 Мбит/сек-тан төмен.

Ал әлем бойынша интернеті ең баяу бес ел:

  1. Ауғанстан – 1,71 Мбит/сек
  2. Йемен – 1,79 Мбит/сек
  3. Сирия – 2,30 Мбит/сек
  4. Шығыс Тимор – 2,50 Мбит/сек
  5. Экваторлық Гвинея – 2,70 Мбит/сек

Бұл елдерде интернет инфрақұрылымы дамымаған, ал халықтың цифрлық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі өте төмен.

Солтүстік Америкада зерттелген бес елдің барлығы интернет жылдамдығы бойынша рейтингтің жоғарғы жартысына енген. Бұл аймақтың орташа жылдамдығы — 94,02 Мбит/с.

Мәліметтер төмендегідей:

АҚШ – 136,48 Мбит/с (12-орын);

Канада – 136,08 Мбит/с (13-орын);

Бермуд аралдары – 95,58 Мбит/с (30-орын);

Сен-Пьер мен Микелон – 60,77 Мбит/с (57-орын);

Гренландия – 41,19 Мбит/с (95-орын).

Шығыс Еуропа өңірі орташа есеппен 67,92 Мбит/с жылдамдық көрсеткен.

Интернеті ең жылдам үш ел:

Словакия – 138,03 Мбит/с (11-орын);

Румыния – 100,66 Мбит/с (25-орын);

Солтүстік Македония – 97,88 Мбит/с (26-орын).

Интернеті баяу үш ел:

Албания – 25,36 Мбит/с (125-орын);

Хорватия – 25,72 Мбит/с (124-орын);

Болгария – 40,43 Мбит/с (98-орын).

Ал ТМД елдерінде интернеттің орташа жылдамдығы — 22,92 Мбит/с.

ТМД елдері арасында интернет жылдамдығы ең жоғары үш елдің қатарына төмендегілер енген:

Әлемде ең жылдам және ең баяу интернет қай елдерде? Қазақстан қай орында?

Ресей — 57,95 Мбит/с (дүниежүзілік рейтингте 62-орын);

Украина — 38,13 Мбит/с (101-орын; биылғы төмендеу белгілі жағдайлармен байланысты);

Беларусь — 34,10 Мбит/с (109-орын).

Ал интернеті ең баяу үш мемлекет:

Тәжікстан — 2,98 Мбит/с (214-орын);

Түрікменстан — 4,49 Мбит/с (206-орын);

Әзербайжан — 10,20 Мбит/с (171-орын).

Айта кетейік, Тәжікстан мен Түрікменстан бүкіл әлем бойынша интернеті ең баяу 20 елдің қатарына кірді.

Әлемде ең жылдам және ең баяу интернет қай елдерде? Қазақстан қай орында?

Қазақстандағы жағдайға тоқтала өтсек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, елімізде интернет Токиомен салыстырғанда жақсырақ болуы тиіс. Алайда шын мәнінде Қазақстан аймақтық рейтингтің орта шенінен сәл төмен орналасқан. Елдегі орташа интернет жылдамдығы – 13,13 Мбит/с. Ал Жапония әлемдік рейтингте 18-орында тұр, ал Қазақстан – 155-орында. Дегенмен, 5G желісі енгізіліп, кеңжолақты интернетпен жаңа өңірлер қамтылса, бұл көрсеткіш жақсарады деген үміт бар.

Жалпы әлем бойынша 2023 жылғы орташа интернет жылдамдығы — 46,79 Мбит/с. Былтыр бұл көрсеткіш 35,98 Мбит/с болған. Яғни, бүкіл әлемде деректерді жүктеу жылдамдығы бір жылда 30 пайызға артқан.