Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

44

Лас-Вегастағы CES 2025 көрмесі жыл сайынғы дәстүрге айналған инновациялардың мерекесі десек артық емес. Көрме қонақтарға шөл даладағы қаланың ерекше атмосферасы мен жаңа технологиялар әлемінің жылуын сыйлай алды . Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған технология сүйер қауым- кәсіпкерлер, ойыншылар, контент жасаушылар және қарапайым пайдаланушылардың бәрі 2025 жылдың жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып тамашалауға асықты.

ASUS көрме алаңында тек жаңа құрылғылар ғана емес, күш, ыңғайлылық және дизайн арасындағы таптаурынды бұзатын идеялар ұсынылған. Назар аударуға тұрарлық үш ерекше ноутбук ұсынылды: Zenbook A14, Vivobook 14 және 16, ExpertBook B5. Әрқайсысы өз аудиториясына бағытталғанымен, оларды біріктіретін ортақ ұстаным бар: ыңғайлылық, инновация және заманауи пайдаланушылардың талаптарына толық сәйкес келу. Ойын ойнау, контент жасау немесе жұмыс үшін сенімді шешім іздесеңіз де, ASUS әрқайсыңызға сәйкес жаңа мүмкіндіктер мен қызықты ұсыныстар ұсынады.Осы құрылғылардың әрқайсысына жеке тоқталайық.

ASUS Zenbook A14: жаңа дәуірдің жеңіл әрі қуатты ноутбугы

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Бір қараған адамға жай ғана жеңіл әрі жұқа ноутбук сияқты көрінуі мүмкін: жұқа корпус, салмағы 1,2 кг шамасында, жаңа буындағы процессорлар, экранның жағымды түстері. Мұндай модельдер көп емес пе? Бірақ бұл құрылғының шын мәніндегі артықшылықтары сізді таң қалдырмай қоймайды.

Біріншіден, OLED экранның 3K ажыратымдылығы және 120 Гц жиіліктегі жаңартылуы – бұл жай ғана экран емес. Фильм көру, сурет өңдеу немесе сүйікті ойыныңызды ойнау кезінде бұл ноутбук айқындық пен жарықтығын сақтай отырып, қуат үнемдейді. Және оның жұқа корпусына қарамастан, құрылғы ұзақ уақыт пайдаланған кезде де қызбайды.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Екіншіден, бұл құрылғының қолдануға ыңғайлы қасиеттерін де ескеру қажет.Қалыңдығы 14,9 мм, салмағы – 1 кг-нан сәл ғана артық. Ноутбук ұзақ уақыт бойы қуат көзіне қосылмай жұмыс істей алады, сондықтан іссапарға шыққанда немесе басқа қалаға ұшып барғанда оның қуаты ұзақ уақытқа дейін жетеді. Zenbook A14 сыртқы бейнесі қарапайым болғанымен, жоғары сападағы,кеңсе қызметкерлеріне арналған керемет таңдау.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Үшіншіден, жарық пен дыбыс деңгейін тачпад арқылы жылдам реттей аласыз. Бұл функцияны алғашында қажетсіз деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ оны пайдалана бастағанда оның қаншалықты пайдалы екенін түсінесіз. Осылайша, параметрлерді жиі өзгерту қажеттілігі азайып, жұмысқа немесе ойынға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Zenbook A14 – жеңіл, өнімділігі жоғары ноутбук іздейтіндер үшін мінсіз таңдау. Ол кәсіби жұмысыңызға да, күнделікті қолдануыңызға да сай келеді. Бұл құрылғы жаңа процессорлар мен ықшам өлшемдерді тамаша үйлестіріп, жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Сіз ноутбуктердің жаңа модельдеріне күмәнмен қарайтын болсаңыз (бәрі бірдей деп ойлайтын болсаңыз), онда бұл құрылғының жұмысы сізді таңдандыруы мүмкін.

Asus Vivobook 14 және 16- технология мен қолжетімділіктің үйлесімі

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

CES 2025 көрмесіндегі Vivobook 14 және 16 (X1407QA/X1607QA) модельдері пайдаланушылар арасында кең таралған ноутбуктер санатына кіреді. Олардың басты ерекшелігі – жоғары өнімділік пен қолжетімді бағаның үйлесімдігі.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Бұл модельдердің ең үлкен артықшылығы – заманауи жасанды интеллект технологияларының болуы. Snapdragon X процессорының 45 TOPS есептеу қуаты жасанды интеллект тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, Paint бағдарламасындағы Generative Fill немесе Live Captions сияқты ақылды функциялар жылдам жұмыс істеп, ноутбук қарқынды жүктемеде де тоқтап қалмайды. Оған қоса, бұл ноутбуктерді автономды түрде 19 сағатқа дейін қолдануға болады, бұл өз санатындағы құрылғылар үшін таңғаларлық көрсеткіш.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

Vivobook құрылғылары үш түсте қолжетімді: Cool Silver, Quiet Blue және Platinum Gold. Корпус берік материалдардан жасалған, бұл құрылғының ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Порттар да жақсы ұйымдастырылған: USB4 Type-C (сыртқы монитор қосу немесе жылдам қуаттау үшін), бірнеше USB 3.2, HDMI және дыбыс шығысы. Бұл жиынтық күнделікті өмірде, оқуда және жұмыс барысында қажетті барлық мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бағасы 699 доллардан басталады, бұл жақсы өнімділік пен толық функционалдылықты қалайтындар үшін қолайлы баға.

Zenbook A14 және Vivobook 14/16 – бұл шығармашыл адамдар мен күнделікті пайдаланушылар үшін икемді шешімдер болса, ExpertBook B5 – бизнес ортада жоғары сенімділік пен өнімділікке мән беретіндерге арналған. Бизнес аудиториясына арналған ExpertBook B5 – корпоративтік қауіпсіздік пен жоғары өнімділікті бір құрылғыға жинаған ноутбук.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

ExpertBook B5 корпусы әскери стандарттарға сай берік, бұл құрылғының ұзақ мерзімділігі мен сыртқы әсерлерге төзімділігін қамтамасыз етеді. 75 Вт·с аккумуляторы 14 сағатқа дейін жұмыс істейді, бұл күні бойы қуат көзін іздемей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ExpertBook B5 Intel Core Ultra (Series 2) процессоры, Intel vPro® технологиясы орнатылған. Нәтижесінде, ноутбук жоғары өнімділікті талап ететін тапсырмаларды тез әрі сапалы орындайды. Жедел жадының көлемін 64 ГБ DDR5-ке дейін арттыру немесе қосымша SSD орнату мүмкіндігі бар.

Корпоративтік деректерді қорғау – тек маңызды ғана емес, сонымен қатар міндетті шарт. Сондықтан ExpertBook B5 және B3 модельдерінде Dual BIOS, Intel vPro®, TPM 2.0 және BIOS қалпына келтіру мүмкіндіктері бар.

ASUS Business Manager және ASUS Control Center құрылғыларды басқаруды жеңіл әрі түсінікті етеді. IT мамандары құрылғыларды жылдам баптап, уақытты үнемдей отырып, жүйені тиімді басқара алады.

Лас-Вегас шөлі мен технология әлемінің тоғысуы: CES 2025 көрмесінен шолу

CES 2025 көрмесі ASUS компаниясының жаңа құрылғылары тек технологиялық артықшылықтарды ғана емес, пайдаланушылардың күнделікті қажеттіліктерін ескере отырып жасалғанын көрсетті. Zenbook A14 мобильділік пен заманауи технологияларды бағалайтындарға арналған тамаша шешім болса, Vivobook 14/16 өнімділік пен бағаның оңтайлы үйлесімін іздейтін көпшілікке қолайлы. ExpertBook B5 жоғары сенімділік пен өнімділікке басымдық беретін бизнес өкілдеріне бағытталған. ASUS әртүрлі қажеттіліктерге сай жұмыс пен демалысты жеңіл әрі тиімді ету үшін шешімдер ұсынады.