Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Қазақстанда кибералаяқтықтың күрт өсуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды LS. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда алаяқтар күтпеген жерден кез келген қазақстандықтың атына несие алуы мүмкін.
«Бір реттік құпиясөз несие келісімшартын заңды түрде растау үшін жеткіліксіз. “Сонымен қатар, банк қосымшаларын жүктеу кезінде клиенттер электронды қолтаңба шығаруға автоматты түрде келісім береді. Бұл электронды қолтаңба банктің қолында болпды және олар клиенттің атынан кез келген құжатқа қол қоюы алады. Ал клиенттің осы процестерге қатыспағанын дәлелдеу өте қиын. Сондықтан банктерге ЭЦҚ шығаруға құқық беруді тоқтату керек. Әйтпесе, келісімшарттарда тараптардың теңдігі сақталмайды. Сондай-ақ, «Алаяқтар қазақстандықтардың банктік карталарын ақша аудару және қолма-қол шығару үшін пайдалануы мүмкін. Мұндай жағдайға еш қатысы жоқ азаматтар да күдікті ретінде қарастырылып жатыр,” – деді депутат.
Асхат Рахымжанов тіркелмеген телефон нөмірлерін пайдалану мәселесін де көтерді. Заң бойынша мұндай нөмірлерге қызмет көрсетуге тыйым салынған, бірақ талаптар толық орындалмай отыр. “Тіркелмеген нөмірлерден қоңырау шалынса, байланыс операторларына жаза қолданылмайды. Бұдан бөлек, полицияда кибералаяқтыққа қарсы күресу алгоритмдері жоқ, ал ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандар жеткіліксіз,” – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, кибералаяқтық құрбандарының істерін қарау барысында құқық қорғау органдары жіберген қателіктер де бар. “Маған 350-ден астам кибералаяқтық құрбандары жүгінді, олардың телефондары бірде-бір рет сараптамаға жіберілмеген. Сараптаманы ІІМ мамандары жүргізуі тиіс. Қазіргі кезде бұл істермен адвокаттар айналысып жатыр, бірақ олар мұндай функцияларға бейімделмеген,” – деді ол.
Депутат азаматтардың құқықтарын қорғау үшін заңнаманы күшейтуді ұсынды. “Бір реттік құпиясөздер несие келісімшартын бекіту үшін негіз бола алмайды. Бұл тек ЭЦҚ немесе жеке қолтаңбамен расталуы тиіс,” – деп қорытындылады ол.
Бұл мәселеге қатысты жауапты органдар мен қаржы ұйымдары нақты шаралар қабылдайды деп күтілуде.